Жамбылдық дәрігерлер эндоскопиялық хирургияның жаңа мүмкіндіктерін игеруде
Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы базасында Ресей мен Қазақстанның жетекші хирургтері күрделі хирургиялық, онкологиялық ауруларды емдеу және эндовидеохирургияны қолдану арқылы операциялар жүргізу бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. Оған хирургиялық бөлімшенің дәрігерлері қатысты.





«Бұл операциялардың артықшылығы — олардың минималды инвазивтілігі яғни, мұндай жағдайда пациентте операциядан кейін қатты ауырсынулар болмайды, анестезиядан тез айығады, ауруханада болу уақыты қысқарады, отадан кейінгі тыртықтар көрінбейді, сонымен қатар ота орны тез қалпына келеді және адам қалыпты өмірге тез оралады», — деп атап өтті профессор.
