ЖАМБЫЛДА ЖЫЛ БАСЫНАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 118 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІРКЕЛДІ

✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтағы департаменті басшысының орынбасары Камал Қабылбеков айтты. Ол үш буынды модель бойынша алғашқы тоқсанда негізгі 90 процестік шешім қабылданғанын мәлімдеді.Сонымен қатар, қылмыстық істер аясында мемлекеттік органдарға 17 ұсыну енгізілген.
©️©️©️
«Оларды қарау нәтижесінде 5 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ең бастысы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары бұзылуына жол берілген жоқ. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлаған 2 адамның өтініші қаралып, комиссия шешімімен, оларға 367 мың теңгеге ақшалай марапат берілді. Яғни, жемқорлыққа тап болған кез келген агенттіктің Колл-орталығына, яғни 1424 байланыс телефонына хабарлауына болады», — деді спикер.
©️
Өңірлік коммуникациялар қызметі