ЖАЛҒЫЗДЫҚ

Адам дүниеге жалғыз келіп, жалғыз кетеді.
Жалғыз қалсаң да Өмір сүресін. Көнесін, көресін, жылайсын…басқа қолыңнан түк келмейді.
Уақыт өте байланбаған асау құлын секілді көнесін.
Кейін өзің біреуге ақыл айтасың.
Жалғыздық адамның көлеңкесі, өзіңді тануға берілген сынақ немесе
Жалғыздық шегі жоқ дала секілді…
Бір-бірімізбен сөйлесеміз, бірақ жалғызбыз.
Жалғыздық жеке адамның кеңістігі, жалғыз қалып есеп береді.
Жалғыздықтың түрі көп.
1.Жарың мен жақының өліп жалғыз қалу.
Қанша балаң, досың болса да ешкім жарының орның толтыра алмайды.
Бұл жалғыздық суық төсекпен, жалғыз ас ішумен, сынаған және аяушылықпен қараған көздермен, демалыста, тойларда сыңарынан айырылған аққудай отырған кездерінмен өлшенеді.
Өткен қуаныштың бәрі көрген түстей, өткінші жауын секілді болады.
2. Ажырасу жалғыздығы.
Бұл өте ауыр, өлімнен де қиын, өйткені сатқындық бар. Бұл жалғыздықты ешкім өзі таңдамайды.Кезінде өзіңіз
сенген адам, опасыздықпен сізге жалғыздықты сыйлап, мәңгілік сізді бақытсыздыққа ұшыратады.
Оның қиындығы әкесіз сәбиді перзентханадан алып шығасыз. Балаңыз есейіп, үйленсе қиналасыз..
3. Рухани жалғыздық.
,, Атадан алтау, анадан төртеу жалғыздық көрер жерім жоқ»- деген Абай ақын ел іргесінің сөгіліп бара жатқаның көріп күйзеліске түсті.
4. Қолдан жасалған жалғыздық. Жақын адамдары түсінбегендіктен, туыстарымен ренжіседі, отбасымен ажырасады.
5. Өз қалауымен жеке тұру.
Келіні жайсыз, баласы арақ ішсе, бөлек тұрады.
6.Сүймеген жанмен бірге тұру. «Әруақ нәрсені жегенше аш қал, Әркіммен өмір сүргенше жалғыз болған дұрыс»- деп Омар Хаям айтқандай, сүймеген адамдардың бала үшін бір шаңырақта тұруы Ерлік!
Бірақ қазақтың «Ұл кетеді жайына, қыз кетеді байына»- деген керемет сөзі бар.
Ең қиыны қартайғанда жалғыз қалу нағыз жетімдік.
Адамды жалғыз қалдырмайтын ойы ғана.
Әкем Матай:»Жатартқан жазалаймын , жалғыз қалдырам десе басы мен тілінен бастайды»- деуші еді..
Жалғыздықта дұрыс ойлар келеді…
Жалғыздықтан құтылудың жолы: Қуанғанмен қуан, жылағанмен жыла, сыйлағанмен сыйлас, кісі бойынан жақсылықты көруді үйрен, кешірімді бол.
Сыйлаған адамды құрметте, сізді жалғыз қалдырған олар емес… Көпшілікпен бірге болыңыз…
Әйелдің жалғыз қалғаның құптамаймын, бірақ өмірің кім көрінгенмен өткізбейтіні мақтанарлық қасиет!
Жалғыздық деген жақыныңды жоғалқан кезің емес, жақындарыңыздың жат болған кезі.
Жалғыздықты Жаратушы ешкімнің басына бермесін.
Жасы ұлғайған адам отбасын құрса, сөз қыламыз, ол да тағдыр!
Жалғыздықтың қалай Өмір сүру керектігі жөнінде ережесі жоқ, әркім өзі шешеді.
Бірақ қолдан күш, ауыздан тіс кетірмей, аяқтан тұсалмай, терезеден қаратпай, біреуге кіріптар қылмасын, жақындарымызға Жаратушы керексіз қылмай, жанымызды қинамай, төсек тартпай, есімізден адастырмай дүниеден өтейік деп тілейік !
РАЙХАН МАТАЕВА