Жақсы мен жаман
Халқыңа пайдаң қандай ?!
Байсерке абызға қатысты әңгімеде «ертеде Қанжығалының екі жас би-болысы Кәрібай мен Нұралы сәлем беріп барған екен дейді.
Сонда иіліп сәлем берген Кәрібай болысты бауырына қысып, «Шырағым, басыңа біткен бағың қайырлы болсын !» деп босатты да, Нұралы болысты маңдайынан сипап:
Бөгенбайдың ұрпағымысың,
Ілімің бар екен, жаным,
Білімің әлде қалай ?!
Қағуың бар екен, жаным,
Халыққа жағуың қандай ?!
Айлаң бар екен, жаным,
Халқыңа пайдаң қандай ?!
Заттығың бар екен, жаным,
Халқыңа қымбаттылығың қандай ?!-депті.
Байсерке абыз Нұралыға осы бес сұрақты қойғанда көлденең біреу:
-Уа, абыз, Қанжығалының екі болысы иіліп келгенде, Кәрібайды тез босаттың да, мына Нұралысын диірменнің тасындай айналдырдың. Мұнда не гәп бар ? -деген екен.
Сонда абыз:
-«Жеті атасына бақ қонған жеті ру елдің қамын жейді, өз маңдайына бақ қонған көлдең боқты қағып жейді». Мен Нұралыдан Алатаудай Ақша мен Бөгенбай, Бапан мен Саққұлақты сұрап жатырмын, Кәрібайдан несін сұрайын,- деген екен».
Жамбыл Артыкбаевтың фейзбук парақшасынан