Бүгін, 9 мамыр күні Қаратау қаласында “Даңқ” монументі жанында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған гүл қою рәсімі өтті.
Рәсімге Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков, аудандық мәслихат төрағасы, мекеме мен аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ардагерлер, қала және аудан тұрғындары қатысты. Қатысушылар соғыс жылдарында ерлік көрсеткен батырлар рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Жиын барысында майдан даласында қаза тапқан жауынгерлер рухына бір минут үнсіздік жарияланып, олардың Отан үшін жасаған ерлігіне құрмет көрсетілді. Бұл – ел жадындағы ерлікті ұмытпай, өскелең ұрпаққа үлгі ету жолындағы тағылымды шара болды.