ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ ЖАЛҒАСУДА

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, ауданымыздағы Еңбек және Тыл ардагерлерін құттықтау шаралары жалғасуда. Қиын кезеңдерді бастан кешіріп, елеулі еңбек сіңірген жандарға құрмет қашан да жоғары бола бермек.
🔰Бүгін аудан әкімдігіне қарасты мекеме, бөлім басшылары бөлініске сәйкес, қала мен ауылдық округтердегі еңбек және Тыл ардагерлерін мерекемен құттықтады. Шара барсында құрмет иелеріне «ҰОС — на 80 жыл» мерекелік төсбелгісін тағып, сый-сияпат көрсетті.
🔰Жаңаарық ауылының тұрғыны, тыл ардагері Райымбекова Айсұлу апамызға төс белгісін аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен Жаңаарық ауылдық әкімшілігі басршылары тарту жасап, ападан баталарын алып қайтты.