Түркістанда түнгі рейдтік іс-шара өткізді

Түркістан қаласындағы Мәдени-рухани орталық аумағында Жергілікті полиция қызметі мен Қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің жауапты мамандары бірлесіп, түнгі рейдтік іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында:
• Электрокар жүргізушілерінің көлік құралын басқару куәліктері тексерілді;
• Жүргізуші куәлігі жоқ тұлғалар басқарған электрокарлар айыппұл тұрағына қойылды;
• Кәмелетке толмаған азаматтарға электрокар тізгіндеуіне жол берілмейтіні қатаң ескертілді;
• Электрокар жүргізушілеріне арнайы киім кию, жылдамдықты шектен тыс асырмау және дыбыс зорайтқыш құралдарын шамадан тыс пайдаланбау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл шара тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп пен мәдениетті сақтау мақсатында ұйымдастырылды.

Түркістан қаласы