Түркістанда БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті
Түркістанда БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтіп, әріптестер арасында ынтымақтастық арта түсті. Кәсіби мереке қарсаңындағы дәстүрлі сайыс Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде өтті. Аталған спорттық жарыс Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы және Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай бұқаралық спортты насихаттау, журналистер арасындағы достық пен ынтымақты нығайту мақсатында өткен жарысқа Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 8 команда қатысты.
БАҚ өкілдері спорттық бәсекеде шағын футбол, волейбол, үстел теннисі және арқан тарту бойынша жарыстар өтті. Жарыс нәтижесінде ерекше ойын өрнегін көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін ВОЛЕЙБОЛДАН:
🏐“Үздік қорғаушы” – Айнұр Ақбаева (Рейтинг-Собкор);
🏐”Үздік байланыстырушы – Тұрған Кемелбек (77 TV);
🏐”Үздік ойыншы” – Күзербаев Нұркен (Ontustik TV) марапатталды. Ал жалпы командалық жүлде бойынша:
І орын – Баспасөз хатшылары
ІІ орын – Түркістан TV
ІІІорын – Тұран БАҚ командалары иеленді.
Журналистер арасында өткен жарыс нәтижесінде ШАҒЫН ФУТБОЛДАН:
⚽”Үздік шабуылшы” – Әділет Әбдіманап (АТО)
⚽”Үздік қорғаушы” – Бақытжан Иманбаев (Баспасөз хатшылары)
⚽”Үздік қақпашы” – Бақтыкерей Оразхан (Түркістан TV) марапатталды. Жалпы командалық есепте:
І орын – Түркістан TV
ІІ орын – Баспасөз хатшылары
ІІІ орын – Тұран БАҚ иеленді.
Журналистер арасында өткен жарыс нәтижесінде АРҚАН ТАРТУДАН:
І орын – Баспасөз хатшылары
ІІ орын – Ontustik TV
ІІІ орын – Тұран БАҚ қанжығалады.
БАҚ қызметкерлері арасында өткен спартакиада нәтижесінде ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ерлер арасында:
І орын – Дәурен Тілеухан (Тұран БАҚ)
ІІ орын – Рүстем Әуелбеков (Рейтинг-Собкор)
ІІІ орын – Сұлтан Құдайберген (Түркістан TV) жүлделі болды. Ал қыздар арасында:
І орын – Аида Ташева (Ontustik TV)
ІІ орын – Фариза Табылдиева (Баспасөз хатшылары)
ІІІ орын – Малика Эльтева (Жанубий Қозоғистон) үздік деп танылды.
4 спорт нәтижесін бойынша жалпы командалық есепте:
І орын – Баспасөз хатшылары
ІІ орын – Түркістан TV
ІІІ орын – Тұран БАҚ командалары жеңіс тұғырына көтерілді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да спорт пен шығармашылықта биік белестерге жете беріңіздер, әріптестер!
Түркістан