Түркістан жастары Қырғызстанжа
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы бастаған өңір жастары Қырғызстан Республикасына іссапармен барды.
Бұл сапардың мақсаты — бауырлас елдің жастар саясаты саласындағы тәжірибесімен танысу, екі ел жастары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және халықаралық жастар бастамаларын дамыту.
Жоғарғы кеңесте өткен ресми кездесуде делегация Қырғызстан Республикасының Жоңарғы кеңес депутаты Эльдар Абакировичпен пікір алмасты. Сонымен қатар, сапар аясында Қырғызстан Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Марат Тагаевпен кездесу өттң. Бұл жастар арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты арттыру және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.
Кездесу барысында тараптар жастар ұйымдары арасында тәжірибе алмасуға, халықаралық жобаларға қатысуға, волонтерлік және стартап бастамаларды қолдауға арналған нақты ұсыныстар мен жоспарлар талқылады.
Бұл іссапар екі ел арасындағы тарихи, мәдени және рухани байланыстарды нығайтып, жастар арасындағы достық пен әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге серпін берді.
Түркістан қаласы