Сынның көкесі

✅— Майды кім көтереді? Қой көтереді.
— Дұрыс. Шошқа көтере алмайды. Шошқаның ақымақтығы сондай, семіріп-семіріп, орнынан тұра алмай жатып қалады. Қой қанша семірсе де жатып қалмайды. «Семіздікті қой көтереді» деп қазақ біліп айтқан. Ал сен оны қой баққаннан басқа түкке түсінбейді дейсің. Шындыққа жүгінсек, өзің түкке түсінбейсің!
Әр мақалдың астарлы сыры көп. «Семіздікті қой көтереді» деген — үлкен ескерту, үлкен айыптау. Оны біз күлкіге айналдырып жүрміз. Қолын ашулана сермеді. — Өзіміздің таяздығымызға ғана күлуіміз керек!
Мұны саған айтып отырған себебім, бұдан былай мақал-мәтелдерімізге абайлап қарағын. ,,Аузын ашса, көмекейі көрінеді,, деген мақалда қанша ой, сыр бар? Бұл кісіні тірідей іреу ғой. Бұл, түсінсең, ақымақтың ар жағындағы біреу ақымақ екенін өзі таныстырады деген сөз.
«Семіздікті қой көтереді». Қандай тауып айтылған?! Бұл — қоғамдық, саяси мақал. Мұнда: «Бақытты көтере алмай жүрсің? Қой құрлы жоқсың ба, ит-ау?!» — деген сарказм сезімі мол. Өзін өзі таразылай алмайтындарды бұдан артық қалай мазақ етерсің? Түсінсең, бұл — сынның көкесі…

«Мен — халқымның Бауыржанымын»