СҰРАЛАМЫЗ

Сұраламыз,
бәрінен сұраламыз,
Сұралған соң, амал жоқ сыналамыз!
Өлмейтіндей
аяғын алшаң басқан,
Өтті өмірден таяуда бір ағамыз.
Тұрмай қалған төсектен…
сұрамаңыз,
Арманы асқақ жан еді, тірі аңыз.
Дүниені ойлаумен кеш батырып,
Таңсәріде тұратын нар ағамыз.
Той-думанның еді ғой гүлі нағыз,
Мейрамхана, барларда жүрді қамсыз.
Азан айтқан мешіттің іргесінен,
Зулап өте шығатын бұл ағамыз.
Шариғаттан хабарсыз жүрді ағамыз,
Өмірді де алаңсыз сүрді ағамыз…
Өмір-өлім арасы қас-қағым сәт,
Ұмытпауға тиіспіз, сірә да, біз!
Шалқып өмір сүргенге болыпты мәз,
Айдынына көңілдің қоныпты қаз!
Бірге жүрген достары сын сағатта
Жоламады қасына… қорқып біраз…
…Жамағаты мешіттің сауап үшін,
Жаназасын шығарды оқып намаз.
Ойламапты-ау, өлем деп бұл ағамыз,
Қалды артында дінсіз ұл, жылаған қыз…
Әкесінің жетісі өтпей жатып,
Дүниеге таласқан өңкей арсыз…
Возможно, это графический образ (деньги и текст)
Нағашыбай Қабылбек