САУРАНДА БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІК МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

✔️Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бейбітшілік – ел тірегі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
✔️Мерекелік жиынның басты мақсаты – ұлттар арасындағы татулықты насихаттап, бірлік пен бейбітшіліктің қоғам үшін маңызын көрсету.
Салтанатты жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, жылы лебізін білдірді.
📌– Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен 1 Мамыр – халық бірлігі күні – бейбітшілік пен ынтымақтың айқын көрінісі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан халқының бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз. Сан ұлтты бір шаңырақ астында ұйыстыра білген еліміз бүгінде тұрақтылықтың үлгісі болуда. Бұл жетістіктеріміздің негізінде әр азаматтың татулық пен түсіністікке қосқан үлесі жатыр, – деді аудан әкімі.
✔️Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байспаев, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков және өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Рысбеков құттықтау сөз сөйлеп, барша тұрғындарды мерекемен құттықтады.
✔️Мерекелік бағдарламада аудан өнерпаздары ән шырқап, бейбітшілік пен достықты дәріптейтін хореографиялық қойылымдар сахналанды. «Достық» ансамблінің орындауындағы түркі халықтарының музыкалық попурриі көрермендердің зор қошеметіне бөленді.
✔️Іс-шара соңында барлық қатысушылар бірігіп «Елім менің» әнін орындап, достық пен ынтымақтың рухын ерекше сезіндірді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі