9 мамыр — Ұлы Жеңіс күні. Бұл күні жанын аямай жалында соғысқан ардагерлердің рухына тағзым жасалады. Ерлер есімі қайта жаңғырады.
Осы орайда, бүгін Даңқ монументінде Сарысу әжелер кеңесі Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Аталмыш шараға аудандық кітапханалар жүйесінің қызметкерлері де қатысты.
— Ерлердің есімі ел есінен сөнбейді. Ардагерлердің жауынгерлік рухының арқасында жеңіске жетіп, бүгінде бейбітшілікте бақытты ғұмыр кешіп жатырмыз. Жеңіс күні құтты болсын! Енді соғыс болмасын, — дейді әжелер қауымы.