САЙЛАУАЛДЫ УӘДЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫНА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЮДЕ – ДАУЫЛ БЕЙСЕНҚҰЛОВ
«Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалының сайлау алдында берген ауқымды уәделерін аймақта, қала мен аудандарда орындалуына жүйелі бақылау жолға қойылған. Мәселен, былтыр партия жанынан құрылған 108 аумақтық қоғамдық кеңестердің 482 отырысында 594 мәселе қаралды. Партияның барлық деңгейдегі фракцияларының 80 отырысы өтті. Бүгінде партия филиалдарындағы Қоғамдық кеңестер халықтың өзекті мәселелерін талқылайтын тиімді алаңға айналды.




«Сайлауалды уәделердің орындалуына қоғамдық бақылау күшеюде. Өңірлік Жол карталарындағы барлық көрсеткіштерге жауапты депутаттар айқындалды. Одан бөлек, Жол картасының бөлімдері Бюроға, ал индикаторлары Саяси кеңестің мүшелеріне бекітілді. Сонымен бірге, барлық деңгейдегі депутаттарға округтер бекітіліп берілді. Яғни, депутаттар өздеріне бекітілген округ халқымен тығыз байланыста жұмыс жасап, аумақтағы проблемалық мәселелердің оң шешілуіне атсалысулары керек. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы проактивті форматқа ауысты. Наурыз айынан бастап облыстық филиалдың ұйымдастыруымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Саяси кеңес мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай және Мойынқұм аудандарының шалғай елді мекендерінде көшпелі мобильді қоғамдық қабылдаулар өтті. Қабылдау барысында 300-ден астам тұрғынның өтініш-тілектері тыңдалып, партиялық бақылауға алынды», — деді Дауыл Ынтықбайұлы.
