Жарты жылда 9264 жаңа жұмыс орны ашылды  

 Дәл қазір халықты жұмыспен қамту бағытында мемлекет тарапынан барлық оңтайлы шаралар қабылдануда. Оған қоса «Еңбек» сынды тыңға түрен түрген бағдарламалар да өз жемісін беруде. Оған толайым тірліктер мен екі қолға бір күрек жандар анық дәлел бола алады.

Мәселен Жамбыл облысында  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына  17 мыңға жуық адам жұмылдырылған. Оның  13 мыңнан асасы  жұмысқа орналасқан. Ал 6,3 тұрғын тұрақты жұмыс орнын тауып отыр.

Есепті кезеңде 9264 жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл жыл басындағы  жоспардың 76 пайызы.

Шағын бизнес бастамаларды іске асыру үшін 1783 адамға қайтарымсыз мемлекеттік грант беруге 890 миллион теңге (200 АЕК – 505 мың теңгеден) бөлініп,  оның  309 миллион теңгесі 611 көпбалалы отбасына қарастырылып отыр.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2,2 есе өсіп, осы таңға 32 мың отбасын құрауда.  (162 мың адам, 2018 жылы – 15 мың отбасы — 74,5 мың адам) (6,7 миллиард теңге  төленді, жыл соңына дейін 21,2 миллиард теңге төленуі қажет).

Білім саласында 15 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар ашылған. Нәтижесінде, 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту үлесі 98,6 пайызға жетіп,  жыл соңына дейін әлі 12 балабақша ашылатын болады.

12 білім нысанының құрылысы жүргізілуде, бүгінгі нақтылауда қосымша 5 мектептің құрылысын бастауға қаржы қарастырылмақ. Нәтижесінде облыстағы 4 апатты, 1 үш аусымды және орын тапшылығы бар 5 мектептің мәселесі шешіледі. Қалған 2 аппатты мектеп мәселесі 2020 жылы толық түйіні тарқамақ. Ал  3 ауысымды мектептің мәселесіне биыл нүкте қойылады.  

Ұлттық бірыңғай тест нәтижесі орташа 90,7 балл құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 1,3 балға жоғары.

Мектептегі 28 мың баланың ыстық тамағына қосымша 305 миллион теңге бөлініп, 2 миллиард теңгеге, 21 мыңнан аса баланың киім кешегі және кеңсе тауарларын алуға 410 миллион теңге бөлініп, 700 миллион теңгеге жеткен.

Әлеуметтік санаттағы 75 мың баланы жазғы сауықтыру лагерімен қамтуға 314 миллион теңге бөлініп отыр. Жалпы меже 213 мың бала. Сонымен бірге, Арыс қаласының 223 баласы облыстың сауықтыру лагерьлерінде жазғы демалысын өткізуде.

Колледждерде грантқа 13 мыңнан астам студент тегін білім алуда, оның 50 пайызы (6081) көпбалалы және аз қамсыздандырылған отбасынан. (2,1 миллиард теңге – оқуға, 1,1 миллиард теңге – стипендияға, 600 миллион теңге тамақтануға).

Денсаулық сақтау саласында ағымдағы жылы қалып отырған 65 елді мекенді алғашқы медициналық көмек көрсететін нысандармен қамту мәселесі 100 пайызға шешіледі.

Облыстағы өлім-жітім көрсеткіші (облыс – 6,78 промиль) орташа республикалық орташа көрсеткіштен (7,39 промиль) төмен. Оның ішінде ана өлімі де төмендеп отыр.

Жедел медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін 44 санитарлық автокөлік сатып алынуда. Тараз қаласында жедел жәрдем қызметін бағалайтын «Көмек» ақпараттандыру жүйесі енгізілді, аудандарға 1 тамызға дейін қойылады.

Осылайша «Цифрлық Қазақстан» дәуіріне де облыс қарышты қадам жасауда.

Төлен Дедек