ТҮРКІСТАН: ПРОВИЗОРЛЫҚ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ОРЫНДАР САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН

Түркістан облысында індетке қарсы күрес жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Өңір бойынша инфекциялық төсек орындар саны 440 болса, бүгінде оның саны 225-ке қысқарған. 1941 провизорлық төсек орынның 931-і қысқарып, 1010 төсек қалып отыр. Бұл Түркістан облысында ауыр індеттен жазылып шыққан науқастардың азайғанын көрсетеді. Облыс бойынша
2020 жылдың 30 наурызынан бастап 6 тамыз аралығында COVID-19 расталған науқастар 2902-ні құрайды. Өңір басшысының дер кездегі шешімі мен дәрігерлердің ерен еңбектерінің арқасында науқастардың 81,2 пайызы жазылып шыққан. Яғни, 2355 науқас бүгінде дертінен толық айығып отыр.
Айта кетейік, ауруханадан үйіне шығарылған науқастардың ішінде сиптомпсыз жағдайдағы 1563 адам толық сауыққан.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі