Трамп АҚШ экономикасын өзгертсе, әлем де өзгереді

Әлемдік саясаткерлер мен сарапшылар АҚШ президенті болып сайланған Д.Трамптың алдағы іс-әрекетіне өздерінше баға беріп, әртүрлі сәуегейлік айтуда. Сондай бір пікірді қазақстандық белгілі экономист, ҚР бұрынғы қаржы министрі Зейнолла Кәкімжанов та айтып, өзінің:

«Трамп ақымақ емес, оның идеяларында үлкен мән жатыр», — деген мақаласында: «Қазір өзінөзі сыйлайтын менеджер немесе сондай болғысы келетіндер, кез келген ортанқол бизнесмен сияқты, әлемдік экономика тынысынан, жаһандық үдерістерден хабардар болуы керек. Әсіресе мұны ұлттық экономиканы түзейтіндердің түсінгені маңызды. Ондай үрдістерді түсінбейтіндер елді әлемдік экономиканың көшіне %d0%ba%d3%99%d0%ba%d1%96%d0%bc%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2ілестіре алмайды. Кезінде жұрт «Рейганомика» деп атаған Рейган әкімшілігінің экономикалық саясаты АҚШ саясаты үшін өте өнімді әрі пайдалы болды деген пікір қалыптасқан. Мен де соған ұқсастырып, Трамп саясатын «Трампономика» деп атауды ұсынамын. Кейбіреулер, тіпті, мұндай экономикалық саясат КСРО-ның күйреуінің бастауы болды деген сенімде. Бұл өз алдына бөлек әңгіме болғанымен, мұны еске алудың АҚШ-тың экономикалық, ішкі және сыртқы саясатының әлемге әсер ететінін көрсету үшін маңызы бар. Өйткені АҚШ әлі күнге дейін әлемдік экономиканың 25 пайызын құрайды. Менің Трампқа сенім артуымның себептеріне келсек: біріншіден, мен Америка халқының санасындағы өзгеріс үдерістерін байқадым. Трамптың АҚШ президенті болып сайлануы олардың шынайы екенін көрсетті. Екіншіден, АҚШ-тың ұлттық экономикасын дамыту және экономикалық стратегияны құру бойынша Трамптың өзінің ұстанымын қалай жүзеге асыратыны менің қызығушылығымды тудырды. Экономикалық жүйе құрылымы жөніндегі менің іргетастық ұстанымдарым соңғы 30 жылда АҚШ жүргізген экономикалық саясатқа қайшы келетін. Ал Трамптың экономикалық ұстанымдары, керісінше, маған жақын болып шықты. Егер Трамптың саясаты жемісті болса, онда менің іргетастық ұстанымдарымның да жаны бар болғаны. Үшіншіден, Трамптың әлемге деген көзқарасы американдықтардың мүдделерінен түзіледі, бұл АҚШ-тың кез келген президенті үшін қалыпты дүние. Егер Трамптың бастамалары табысты болса, онда әлем елеулі өзгерістерге ұшырайды. Университет қабырғасында оқып жүргенде-ақ менің экономикалық көзқарастарым Маркстың құн теориясына негізделген еді. Ал Кейнс пен Самуэльсонның кітаптары құнды қайта бөлуді қарастыратын, бірақ олардың қайдан және қалай құрылатынын айтпайтын. Батыстың барлық экономистері Марксті зерттеуге ұялатын. Мен мұны неге еске алып отырмын? Сол кезде біздің қалай қарай қозғалуымызды түсіну үшін, мен халықаралық экономика мен оның локомотиві — АҚШ экономикасын бақылай бастадым. Сол заманның өзінің нарықтық бас білгіші — АҚШ-тың федералдық резерв жүйесінің басшысы Алан Гринспен экономиканың дәстүрлі салалары АҚШ үшін соншалықты маңызды болмайды деген еді. Бұл Батыстың кәсіпкерлеріне дәстүрлі өндірісті АҚШ пен Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне ауыстыруға берілген белгі іспеттес болды. Сөйтіп, дәстүрлі өндіріс ошақтары, яғни металлургия, химия өндірісі, жиһаз өнеркәсібі, жеңіл индустрия, машина, құрал-жабдық және тағы басқалары жаңа аймаққа қоныс аудара бастады. Осы қоныс аударудың нәтижесінде «азиялық жолбарыстар» пайда болды». Өндірісті осылай көшірудің арқасында Қытайдың экономикасы жақсы көтерілді. Бұл жерде елдің алып болуы мен жоспарлы мемлекеттік экономика шешуші рөл атқарды. Содан бері 25 жыл өтті, ал мен енді ғана бірдеңе түсіне бастағандаймын. Гринспен және батыстың бүкіл экономикалық ілімі жаңылысты. Кейбіреулердің бұған қарсы шығып, АҚШ экономикасы Apple, Intel, Facebook, Tesla және басқаларын шығаратын зияткерлік білім мен компаниялардың есебінен өркендеп жатыр деген уәж айтуы мүмкін. Иә, ол солай. Алайда егер АҚШ-тың сол алдыңғы қатарлы технологиялық компанияларында еңбекпен қамтылғандардың санын алатын болсақ, ол елдегі еңбекке жарамды халықтың 3-ақ пайызын құрайды. Сонда басқа халық қалай күн көрмек? Маркстың құн теориясының негізінде бір іргетастық қағида жатыр — құнды адамның еңбегі жасайды. Экономикалық қуаттылық материалдық игіліктерді өндіру мен қызметтерді көрсетуге жұмсалған жұмыстың мөлшері мен сапасына қарай өлшенеді. Ел экономикасы қуатты, ал халқы дәулетті болу үшін елдің еңбекке жарамды халқы жұмыс істеу керек. Білім экономикасын лайықты бағалаған Гринспен дұрыс жасады, бірақ экономиканың дәстүрлі салаларына қатысты үлкен қателікке жол берді. Егер сіз болат құю өндірісін Оңтүстік-Шығыс Азияға көшіру жөнінде шешім қабылдасаңыз, онда салааралық әріптестік деген түсінік бар екенін ұмытпауыңыз керек. Бір саланы жабу елдегі басқа барлық өндірісті қысқартуға әкеліп соғады. Ал өндірісті қысқарту жұмыс орындарын қысқартуға ұласады. Жұмыс орындарын қысқарту дегеніміз — ел экономикасының негізі болып табылатын құн өндірісін қысқарту деген сөз. Бүгін АҚШ пен Еуроодақ д ә с т ү р л і өндірістерді өз елдерінен шығаруды ынталандыр-ғанда с т р а т е г и я л ы қ қатеге жол бергендерін түсінді. Нәтижесінде, олар бүгін өз елдеріндегі дәстүрлі өндірістердің қалдықтарына күшті қысым жасап жатқан Қытай сияқты өте мықты белеске ие болды. Егер Гринспен және оның жақтастары Маркстың «Капиталын» дұрыстап зерттегенде, олар мұндай стратегиялық қатеге бой алдырмас еді. АҚШ ненің есебінен ұзақ жылдар бойы көш бастап тұр? Оның жауабы дайын: мемлекеттік қарыздың өсуі мен қолма-қол долларды басып шығару есебінен. Гринспен басқа елдерде өзге халықтар жасаған құнды АҚШ ұтатындай етіп қайта бөліп отырды. Бұл үшін американдық қаржы институттары қазіргі күнге дейін жұмыс жасап жатқан көптеген қаржы құралдарын құрды. Осыны ескерсек, Трамп идеяларының жаны бар. Айтарлығы, мұндай қайта бөлушілік Америка халқына опа әпермеді, өйткені американдықтар — өздері құрған қаржы институттарының әлемдегі ең үлкен борышкерлері. Олардың басым көпшілігі төлем жасауға қабілетсіз, өйткені елде жұмыс орындары аз, барын жаңа мигранттар алып қойған. Кедейлер үшін жоғары салықтарды Американың орта табы төлеп отыр. Американдықтар НАТО елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Талибтермен, Асадпен соғысқа триллиондаған доллардың жұмсалып жатқанын көріп отыр. Аталған мәселелерден кейін Дональд Трамп пен Берни Сандерстің сайлау алдындағы үндеулерін түсіне бастайсың. Бұл бедел қуалаушылық, яғни популизм емес. Бұл — нақты өмір. Трамп идеялары көңілге қонымды, олардың жаны бар», — деп жазады. Бұл тұжырымдардың дұрыс иә бұрыс екенін алдағы өмір көрсетпек.

%d1%82%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bf

…ал Трампты кім өзгертеді?

Әлемдік қауымдастық елдері АҚШ-тың жаңа президенті болып сайланған Дональд Трамптың өз қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы іс-әрекеттерін айрықша ыждағаттылықпен бақылап, оған сыни көзбен қарары кәміл. Себебі ол президент болды деген хабар тарасымен, әлемдік қаржы нарықтары «дір» ете қалып, сол кезде әлемдік нарықтағы мұнай бағасы арзандап, биржалар құлдырап сала берген. Өйткені саяси элиталар мен әлемдік бизнес өкілдерінің Хиллари Клинтон жеңіске жетеді деген үміттері желге ұшып, бәрінің «салдары суға кеткен». Осы мәселеге қатысты отандық саясаткерлер мен сарапшылар да өз ойын білдірген-ді. Солардың бірі Айдос Сарым:

«Соңғы айларда Ресейдің феде- ралды телеарналары Трамптың насихатшылары сияқты жұмыс істегені белгілі, ол бекер де емес. Әйтсе де мәселе Трамптың «Ресейді оқшаулауды доғару керек» немесе «Путин — күшті лидер» дегенінде ғана деп ойлау — үстірт, біржақты пікір. Оған Германия сыртқы саясат кеңесінің жанындағы «АҚШ — трансатлантикалық қарымқатынас» бағдарламасының басшысы Хеннинг Риккенің: «Трамп президент болған тұста АҚШ Ресейге қарай бет бұра түседі, ал мұның Еуропадағы қауіпсіздікке өте қауіпті салдары болуы мүмкін. Мәскеу ең алдымен Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы ықпалын арттыру үшін қолынан келгенше НАТО мен Еуроодақты әлсіретуге тырысып жатыр. Егер АҚШ Ресей үшін бұл 1470464870_aшаруаны атқарып беретін болса, онда Путинді Құдайдың жарылқағаны. Себебі Кремль өзімен санасуға ыңғай танытқан Ақ үй қожайынын ғана «тапқан» жоқ, соның ықпалымен Еуропадағы жетекші мемлекеттерге санкция туралы басқаша ойлайтын басшылардың келуі арманына жақындай түсті. Кремль, әсіресе Қырымды аннексиялауға байланысты салынған санкциялар алынып тасталады деп сенеді. Рас, Путин қалаған президентіне ие болды, ендігі кезекте Франция мен Германия тұр»,— деген пікірі нақты дәлел бола алады. Сосын, егер Трамп АҚШ-тың әлемдік саясаттағы ролін азайтса, Қазақстан үшін де қауіп бар. Себебі біздің көпбағытты сыртқы саясат түрлі күштердің тепе-теңдігіне негізделген. Бізге посткеңестік кеңістікте тек Ресейдің басым күшке ие болғаны тиімді емес. Бізге АҚШ та, ЕуроОдақ та, Қытай да керек. Сол кезде біз баланс сақтай аламыз. Сонымен бірге соңғы жылдары Б.Обама әкімшілігі бастаған Ц5+1 бағдарламасы – Орталық Азия мемлекеттері мен АҚШтың ынтымақтастығын тереңдететін бағдарлама, дәлірегі — біздің аймақтағы Қытай мен Ресейдің ықпалын тежеу мақсатында жасалған жоба әрі қарай жалғасатынына күмән бар. Сосын, ресейліктер те қалыптасқан жағдайды жете түсінбей отырған сияқты. Олар Трампты ресейшіл саясаткер десе, қателеседі. Шын мәнінде олай болмайды. Өйткені Америка — алып мемлекет, әлемде қалған жалғыз супердержава. Оның ішкі саясатында біраз өзгерістер болуы ықтимал, бірақ сыртқы саясатында көп өзгеріс болмасы анық, өйткені оны шешетін президент емес. Біріншіден, әскерилердің өзіндік пікірі бар. Мәселен, жақында АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обама Трампты қабылдап, 1,5 сағат әңгімелесті. Трамп билікке қаңтардың соңына қарай келеді. Оған дейін арнайы қызметтер бар, Пентагон бар, бәрі күніне бірнеше сағаттарын арнап, Трампқа ақпарат бере бастайды. Ол білмеген жағдайларды баяндайды. Біраз уақыттан соң Трамптың сөз саптасы өзгеріп шыға келеді: Ресейге қатысты да, басқа да пікірі. Сайлау кезінде Украинаны қайтеміз дегендей айтып еді, енді келіп: «Мен Украинаны қолдаймын», — деп жатыр. Бұл да көп нәрсені білдіреді», — деген уәжді алға тартады. Ал «Die Welt» басылымының тілшісі Торстен Крауэль болса: «Жуық арада Германия канцлері Ангела Меркель националистер мен популистер қоршауында қалып, неміс елінің экспорттық нарықтары ыдырауы мүмкін. Себебі Трамп протекционистік саясатын іске асырса, әлемдік экономика хаосқа айналады, мысалы, еркін сауда арқылы экспорттық державаға айналған Германияның тоқырауға ұшырауы ғажап емес. Трамп неміс канцлерін «жүргізілмеуі тиіс саясаттың өкілі» деп сипаттап, іске алғысыз етіп тастаса да, сол Ангела Меркель де, «Бұл америкалықтың қылықтарына құсқым келеді», — деген Франция президенті Франсуа Олланд та амалсыздан Дональдты құттықтауға мәжбүр болды. Биылғы наурыз айында Д.Трамп Солтүстік Атлантика Одағын «қаусаған» одақ деп атап, егер оған мүше мемлекеттер әскери шығындарын көбейтіп, АҚШтың алдындағы «міндеттемелерін» орындамаса, онда оларға әскери көмекті тоқтатамын деп уәде берген. Ал Қытайдың коммунистік партиясы тарапынан шығатын «Global Times» газеті: «Д.Трамптың Қытайға «Экономикалық соғыс» ашуы ақымақтық болмақ. Егер Вашингтон аспан асты елінің өнімдеріне қатысты қандай да бір шектеулер қоятын болса, Қытай да қарап қалмай, бірден қарсы шаралар қолданып, жауап беруге, мәселен, АҚШ экономикасына соққы беру үшін iPhone мен АҚШ көліктерінің елге кіруіне, сатылымына тыйым салуға дайын», — деп жазды. Өйткені Д.Трамп сайлауалды үгіт-насихатында Қытайды нысанаға алып, тауарларын кіргізбейтінін, салықты жоғарылатынын айтып: «Президент болып сайлансам, Қытайдан келетін өнімдерге салықты 45 пайызға арттырам», — деп, тамыз айындағы тағы бір мәлімдемесінде: «Қытай өз экспортын арттыру үшін қолдан валюталық манипуляция ұйымдастырып, юаньді девальвациялау арқылы елге валюталық ағын жасайтын «Әлемнің ең үлкен ұрысы», — деп аспан асты елінің ар-намысына тиген-ді. Бейжің мұндай дәйексіз айыптаулардың да есесін қайтаруға ниетті.

Жалпы, Тrump сөзі — ағылшын тілінен аударғанда «көзір» деген мағына береді екен. Ендеше, қазіргі күнмен есептесек, Трамптың қолындағысының бәрі көзір болып отырғанын жоққа шығару әбестік болар еді.

Дайындаған — Ермек Сахариев