Тоқаев шетелге білім алуға кетіп жатқан жастардың көбеюіне алаңдаушылық білдірді

Шетелге білім алуға кетіп жатқан жастар санының күннен-күнге арта түсуі бізді алаңдатады. Бұл туралы орта білім беру жүйесінің проблемаларына арналған парламенттік тыңдауда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқандардың санышамамен 11 пайызды құрайды. Өйткені техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандыру деңгейі әлі де төмен. Мектеп оқушыларының 90 пайызы білім алуды жоғары оқу орнында жалғастыруды қалайды. Қазіргі кезде студенттердің үштен бірі ғана мемлекеттік білім тапсырысы негізінде жоғары білім алуда. Қалғандары ақылы негізде оқиды. Олардың саны мемлекеттік тапсырыспен оқитындардан екі есе көп. Мектеп бітірушілердің айтарлықтай тобы шетелде оқуға ерекше көңіл бөледі. Шетелдің жоғары оқу орындарына кетіп жатқан талапкерлер санының күннен-күнге өсуі бізді алаңдатып отыр», — деді Сенат төрағасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *