Сарысу ауданында «Қыс-2022» республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды

Жаңатас қаласындағы орталық алаңнан бастау алған іс-шарада аудандық азаматтық қорғау қызметінің жауапты мамандары, сондай-ақ, аудан тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың күш-құралдары мен техникалардың әзірлігін тексеру мақсатында саптық тұрғызу жұмыстары бойынша адамдарды құтқару және іздеу, инженерлік барлау, жол-көпір, су тасымалдау, жүк тасымалдау т.б. 16 командадан құралған 208 құрылымдық штат пен 68 техника жұмылдырылды.
Шараға аудан әкім Марат Сұлтанғалиев арнайы қатысып, жедел әрекет ету жасағының деңгейін бағалап, мекемелердің қысқы дайындықтары бойынша жұмыстарын пысықтады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындау мақсатында ұйымдастырылған саптық жиында қыс мезгілінде туындайтын апатты жағдайлардың алдын алу шаралары бойынша қызметкерлер жылдам көмек көрсету әрекетіне көшіп, бірлесе жұмыс атқарды.
Айтып келмейтің апатты ауыздықтап, тұрғындарды қауіпсіз жерге орналастыру әдістерін жетік меңгерген мамандар өздерінің қыстық маусымға сақадай сай екендіктерін көрсетті.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі