МҰНАЙЛЫЛЫҚТАР ҚАЙТАРЫМСЫЗ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛЫП КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

 

Бұл туралы Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлбақыт Ақниязова мәлім етті.

 

 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында жаңа бизнес идеяны іске асыруға жоспар бойынша 60 адамға 33 336,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 29 адам көпбалалы, 1 аз қамтылған отбасы мүшесі, 21 жас кәсіпкер, 3 мүмкіндігі шектеулі тұрғын. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алуға берілді»,- деді Гүлбақыт Ақниязова.

 

 

Ауданда «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері курсына 159 адамға жолдама берілді.

МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ