Мемлекеттік органдар өз сайттарының IT-қауіпсіздігіне жауапты

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өткен демалыста жергілікті атқарушы және жергілікті өкілдік органдарының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының интернет-ресурстарын бұзып кіру инцидентін тіркеді. 

 ҚР АКМ-нің «МТҚ» РМК-ның Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі барлығы 21 интернет-ресурсқа бұзып кіруді тіркеді. Өткен барлық инцидент бойынша ресурстардың иелеріне басып кіру салдарын жою мақсатында хабарлама жолданды. Қолда бар деректер бойынша интернет-ресурстардың басым бөлігі бір серверде орналасқан және бір осалдығы бар.

Бұл жағдай мазмұнды басқару жүйесін уақтылы жаңартуға (CMS), тиісті қорғаумен қамтамасыз етуге, инцидентті уақтылы анықтауға, жосықсыз өнім берушілермен интернет-ресурстарды сүйемелдеуге шарттар жасасуға интернет-ресурстардың иелері тарапынан бақылаудың жоқтығынан болуы мүмкін. 

Қазіргі уақытта осыған ұқсас инцидентерді алдағы уақытта болдырмау бойынша жауапты адамдармен барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

ҚРАқпарат және коммуникациялар министрлігінің

баспасөз қызметі