Мәмс жүйесі қарапайым әрі халыққа қолайлы

Басы ауырып, балтыры сыздаған адамның баратын жері ең алдымен емхана екені анық. Дертіне шипа іздеген халықты тегін медициналық қызметпен қамтамасыз ету алғашқы сатыда тұруы тиіс. Адамның денсаулығын түзеуіне бірден-бір жол ашатын «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қоры көпшілікке орасан жағдай жасауда.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – тиімді тәсіл. Бірінші себебі, денсаулық сақтау секторын қаржыландыру сақтандыру жарнасы есебінен өседі. Екіншіден, медицина қызметкерлерінің сапасын бақылау мен күнделікті мониторинг жүргізу жүйелі жүзеге асады. Еңбек өнімділігі артып, экономикалық шығындар азаяды. Үшіншіден, жұмыс уақыты оңтайланады. Аймақ дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тұрғындар арасында статусын анықтау мен тіркеуді ұйымдастыруда.
Жуалы аудандық орталық ауруханада «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Жамбыл облыстық филиалының қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімді тұстарын тарқата айтты.

Жуалы ауданы әкімдігі