Мұғалім мәртебесін қайтсек көтереміз?

Сәуірдің соңғы жексенбісі әрі соңғы күнінде елордадағы №80 мектеп-гимназиясында Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы және «Эрудит» интеллектуал ды білім порталының ұйымдастыруымен «Мұғалім мәртебесін көтеру — ортақ іс» тақырыбында республикалық форум өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ұстаздар қауымының біліктілі гін арттыру, жаңаша форматта білім беру жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіру атал мыш жиынның негізгі мақсаты болатын.

Орталықтың директоры Назгүл Жолтаева еліміздің әр өңірінде талантты оқушылар өте көп, соларды жарыққа 2v7a5853шығару, олардың ұстаздарын ұлықтау арқылы мұғалім мәртебесін көтереміз дейді. Сөзіміз дәлелді болуы үшін форум ба рысында «Эрудит» интеллектуалды порталы анықтаған дарынды жас жеткіншектер мен олардың ұстаздары Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының «Құрмет» төсбелгісімен, үздік дипломы және арнайы сертификаттарымен марапатталғанын айта кетейік. І Республикалық «Жас ғалым — 2017» байқауында басқалардан бәсі жоғары болып, көпшіліктің көзайымына айналған ОҚО Арыс ауданының Саналы елді мекенінен келген 2 класс оқушысы Оралхан Сейтмұратов Хакім Абайдың электронды портретін дайындап келіпті. Шәкіртін бәйгеге қосқан жас мұғалім Жайна Тойлыбаева және Оралханмен болған сұхбатымызды сайтымыздан алдағы күндері оқи аласыздар. Сондай-ақ, бүгінгі таңда 8 сынып оқушылары пайдаланып жүрген «Қазақстан тарихы» пәніне арналған оқулықтың авторы, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдинов форумда сөз сөйлеп, кешегі КСРО дәуірі, бүгінгі Ресей мен тәуелсіз Қазақстанның білім беру саласын нақты мысалдар келтіре отырып салыстырды.

— Сөздің шынын айту керек, Кеңес Үкіметі тұсындағы ұстаздар мен бүгінгі мұғалімдердің жағдайы салыстыруға келмейді. Тіпті, көрші Ресейдің қазіргі мұғалімдерінің айлығы соншалықты көп дей алмаймыз. Бірақ оларға деген қоғамның көзқарасы ерекше, мемлекеттің қолдауы айқын сезіледі. Мәселен, олардың ұстаздары баспана, күнделікті жүріп-тұру, мәдени орындарды аралау шығынын уай ымдамайды, — дейді ол.

Ғалымның сөзін қоштай түссек, расын да, айлығы аз біздің ұстаздарымызға тым болмаса көршілеріміз секілді жеңілдік те жасалмаған. Қағазбастылықтан арыла ал май жүрген күйі — әлі сол күй. №80 мектепгимназияның директоры Гүлмира Жарменова жаңа форматта білім беру жүйесіне көшкенмен, тексеру кезінде бұрынғы талап бойынша қадағалайды. Мұны бір жөнге салу керек дейді. Сонымен бірге, ол дәстүрлі білім беру жүйесін түбегейлі өзгертудің қажеті жоқ, өзгеріс енгізгеннің өзінде ұлттық дүниетанымымызды сақтап қалу бәрінен маңызды екенін алға тартты. Форум кезінде Гүлмира Серғазықызынан сұхбат алудың сәті түсіп, екі-үш сұрағымызға жауап алған едік.

— Гүлмира ханым, форум барысын да мектебіңізде республика бойынша алғаш рет «Балалардың дипломатиялық орталығы» өз жұмысын бастағанын айтқан едіңіз. Оқырманға түсінікті бо луы үшін оның мақсат-міндеттерін айтыңызшы…

— Бұл — әлемдік тәжірибеде бұрыннан бар орталық. Идеямды алғаш айтқанда көпшілік бірден ұнатты. Әсіресе шет мемлекеттердің Қазақстандағы елшілері бұл бастамаға оң қабақ танытып отырғанын білдірді. Орталықтың негізгі міндеті — еліміздің білім саласындағы жетістікте рін одан ары дамытып, кемшілігін түзету. Алдағы уақытта біздің ұстаздарымыз бен оқушыларымыз шетелге шығып, олардың орта білім беру мектептеріндегі жағдайды өз көздерімен көріп, тәжірибе алмасып қайтуларына жағдай жасамақпыз.

— Нақты қай елдерге жол тартпақ ниеттесіздер?

— Егемендігіміздің 25 жылдығына орай орталығымыз ашылып, оған Пар ламент депутаттары мен елшіліктердің өкілдері қатысқан болатын. Бастамамызға ағаларымыз батасын беріп, елшіліктегі азаматтар ойымызды тыңдады. Соның нәтижесі болса керек, жуырда ғана Италия мемлекетінің Қазақстандағы елшісі сол елдің бес-алты мектебінің директорларымен бірге мектебімізге арнайы ке ліп танысты. Біз де олар жайында барынша мәлімет алып, келесі оқу жылында олардың оқушылары мен ұстаздары бізге, біз оларға баратын бо лып келістік. Биылғы жылды дайындыққа арнап, келесі жылдың жаз айларында келі сім бойынша шетелге шығамыз деп жоспарлап отырмыз.

— Мектептеріңіздің жаңа екенін жақсы білеміз. Биылғы түлектердің жағдайы қалай?

— Түлектеріміздің жағдайы жаман емес. Осыдан екі-үш күн бұрын алтын ұяларынан түлеп ұшқалы отырған 18 оқушыны кабинетіме шақырып әңгімелестік. Дайындықтары жоғары деңгейде десем, артық айтқаным емес. Олардың басым көпшілігі жаратылыстану бағытындағы мамандықтарды таңдапты. Ұлдар ауыл шаруашылығы, қыздар меди цина саласына талаптанып отыр екен. Бір ғана оқушымыз диктор болуды армандап, соған дайындалып жүр.

— Шәкірттеріңіздің баршасы мақсаттарына жетсін! Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан — Ермұрат Назарұлы