Идеяны жобаға айналдыру үшін Азаматтық бастамалар орталығына жүгінуге болады

 

Нұр-Сұлтанда белсенді азаматтарға құқықтық, үйлестіру бойынша және ақпараттық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елорда тұрғындары қаладағы әлеуметтік ортаны жақсартуға өз үлестерін қоса алады. Нұр-Сұлтандағы Азаматтық бастамалар орталығында идеяны жобаға айналдыруға, оны іске асыруға белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдарға көмек көрсетіледі.

«Біз ақпараттық-әдістемелік қолдау, консультациялар, оқыту сияқты көмек көрсетеміз және үйлестіру нетворкингін құрамыз, яғни бір-бірімізге қажетті ұйымдарды, адамдарды біріктіреміз. Жергілікті деңгейде де, ұлттық деңгейде де өзгерістер бойынша ұсыныстар дайындауға көмектесеміз. Сондай-ақ, адамдардың ойын тыңдап, оны жобаға айналдыруға көмектесеміз», — деді елордалық Азаматтық бастамалар орталығының директоры Махаббат Еспенова.

Елордалық МҚО-да жобалардың құнын есептеу, сондай-ақ қаржыландыру бойынша да қолдау көрсетіледі.

Орталыққа өз бастамаларымен келетін азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдар идеяларының ауқымы кең. Олар көбіне қаладағы ортаны жақсарту, экология, инклюзивті білім беру, ұлттық бірегейлікті жаңғырту мәселелеріне де қатысты.

«Жаз мезгілінде біз аудан әкімдіктері жүзеге асыратын «бюджетке қатысу» жобасы бойынша тұрғындарға аулаларды абаттандыру бойынша өтініш жазуға көмектесеміз. Сондай-ақ, біз жүйелі оқыту, ерекше қажеттіліктері бар балаларды бейімдеу, инклюзивті білім беру, тарихи реконструкция клубын құру бойынша көмек көрсету жобаларын көрсетеміз», — деді спикер.

Табысты кейстердің бірі “Asyl Urpaq Jarqyn” жобасы болды, ол жасөспірім жастағы балаларды және өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдауға бағытталған. Ол шығармашылық үшін кеңістікті ұйымдастыруға, қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін тиімді дамытуға, әр оқушы үшін ыңғайлы жағдай жасауға мамандандырылған. Жоба аясында, қыздарға арналған тігін сабақтары өткізілді.

Идея авторы Жанель Асыл “Birgemiz: Sabaqtastyq” жалпыұлттық жобасы аясында елордалық Азаматтық бастамалар орталығының қолдауымен «Kazbrands» ҚҚ-ның шағын грантын жеңіп алды.

Қала тұрғындары пандемия кезінде ерекше белсенділік танытты. Осы уақытта МҚО қажетті көмек пен кеңес берілген азаматтардың қажеттіліктеріне бағалау жүргізді.

«Пандемия кезеңінде азаматтық белсенділік артып, волонтерлік қозғалыстар көбейіп, қоғамда ұйымдастырушылық, біреуге көмек беру секілді қасиеттер артты», — деп атап өтті Махаббат Еспенова.

Осы жылдың басынан бері орталықта 500-дей кеңес өткізілді, соның арқасында бес ҮЕҰ қаржылық қолдау алды.

56 бала тағылымдамадан өтіп, оның 29-ы жұмыс тапты. Орталықта оқыту іс-шаралары, конференциялар өткізілді.

Тұрғындар белгілі бір әлеуметтік мәселені шешуге және оның жолдарын білгісі келген жағдайда, Азаматтық бастамалар орталығына жүгінуге болады. Ол үшін civilcenterelorda.kz сайтына консультацияға өтінім қалдыру қажет немесе мына нөмірлерге қоңырау шалыңыз: +7 7172 32 35 19, + 7 771 050 15 37, +7 708 800 28 87.