БҒМ қосымша білім алуға арналған платформалардың тізімін жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram каналы балаларға қашықтан қосымша білім беруге арналған платформалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік мәліметіне сәйкес, COVID-19 індетіне байланысты жарияланған карантин кезінде балаларға қашықтан қосымша білім алуға арналған платформалардың тізімі мынадай:

— Алматы қаласының Оқушылар сарайының бағдарламалары қашықтан оқу форматында қолжетімді. Оқу Zoom технологиясының базасында тұр;

— Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасынан көптеген туындыны/мақаланы/жұмыстарды/газеттер мен журналдарды тауып алуға болады. Сілтеме: http:kazneb.kz;

— Қазақ тілін өздігінен оқып-үйренуге арналған материалдар мында қолжетімді;

— KazTub онлайн-кинотеатры тегін жұмыс істей бастады. Онда отандық 100-ге тарта фильмді көруге болады. 20 мультсериалы бар Kaztube.balapan блогын да тамашалаңыз;

— ҰБТ-ға, қорытынды аттестатқа дайындалуға арналған онлайн-жаттығу жұмыс істеп тұр. Сілтеме — https://itest.kz/ru; — «Филин» — иллюстрациялық жануарлар энциклопедиясы: http://www.filin.vn.ua/index.html

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *