Аудан әкімі ақсақалдармен кездесті

Ұлыстың Ұлы күні мен Рамазан айының басталар тұсында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев ауданның дамуына түрлі кезеңде өздерінің үлестерін қосқан ауданның ардагерлерімен кездесті.

«Тарихи тамырын тереңнен тартқан, барша түркі жұртына ортақ Наурыз мейрамы − ырыс пен ынтымақтың, тоқшылық пен татулықтың, береке мен бірліктің мерекесі. Ал, Рамазан айы − мейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлықтың, кешірімділіктің, тәрбие айы ретінде байыпталады. Сондықтан осындай қос мереке қарсаңында сіздерге ауданның тыныштығын сақтап, жастарды ізгілікке, татулыққа үндеп жүргендеріңіз үшін алғысым шексіз»,−деді аудан басшысы.

Кезегімен сөз алған ақсақалдар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін атқарылып жатқан іс-шараларға ризашылықтарын білдірді.
Аудан әкімі бастаған бір топ қариялар орталық аллеяға барып, тал екті.

Сарысу ауданы әкімдігі