А. Мырзахметов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

Елбасы тапсырмасына сәйкес ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапары Қожакент ауылдық округіндегі 54 ЖҚШ-ны біріктірген ет бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің бірі – «Миялы» отбасылық мал бордақылау алаңын аралаудан басталды. Аталған кооператив АӨК-ті дамытудың жаңа бағдарламасы аясында құрылған және де «Ауыл шаруашылығына қолдау көрсету қоры» АҚ тарапынан қаржыландырылған.

Бұдан әрі Вице-Премьер ауыл шаруашылығы кооперацияларына арналған өңірлік семинар-жиналысқа барып, оған төрағалық етті. Жиынға еліміздің алты облысының (Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары) өкілдері қатысты. Отырыс барысында А. Мырзахметов АӨК-ті дамытудың жаңа бағдарламасының басты басымдығы – ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту екендігін атап өтті.

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы кооперативтеріне барлық қолдау шаралары жасалуда. Айталық, биылдан бастап Жаңа бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы өндірушілеріне кооперацияларға біріккен жағдайда кепілсіз несиелер берілуде. Бұған дейін екінші деңгейлі банктер ауыл тұрғындарының жылжымайтын мүлкін кепілге қабылдамаса, ендігіде бұл мәселе өз шешімін тапты. Яғни, жаңа бағдарлама аясында оңынан шешілді.

Екінші аса маңызды фактор – бұл құрал-жабдықтар құнының 50%-ға арзандауы. Мысалы, кооператив 5 млн. теңге тұратын құрал алса, онда мемлекет шұғыл түрде оның 2,5 млн. теңгесін қайтарып береді. Ал қалған 50%-ды субсидия арқылы қайтарудың тиімді тетігі қарастырылған. Былайша айтқанда, қайта өңдеуге тапсырылған 1 литр сүт үшін кооператив 10 теңгеден алады, ал ірі қара малдың әр басы үшін 20 мың теңге, ұсақ мал үшін 1500 теңге, жем-шөптің тоннасына 20 мың теңге беріледі.

Тағы бір жағымды жаңалық – тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасы аясында ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлер «КазАгроКепіл» АҚ кемілдемесімен шағын несиенің 85%-ына дейін ала алады. Айта кетерлік жайт, бұл мекеменің кепілдемесі шағын қаржылық ұйымдар мен несие бірлестіктері арқылы қарызға беріледі.

Елбасы тапсырмасына сәйкес ауылдың әл-ауқатын арттыратын бағдарламаға қозғау салынды және де ол ауыл шаруашылығы кешенін ел экономикасының драйверіне айналдырады.

«Ауыл тұрғындары бірігуге әзір. Бұл үшін барлық жағдай жасалды және де 50 млрд. теңге көлемінде субсидиялау, қаражат бөлу механизмдері әзірленді. Тіптен, нақты индикаторлар да бекітілді. Жергілікті атқару органдарына үйлестіру жұмыстарымен айналысып, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру ғана қалды», – деп атап өтті Вице-Премьер.

Атап өтілген шаралар 500 мыңнан аса ЖҚШ мен шағын шаруашылықтарды аулы шаруашылығы кооперативтеріне біріктіруге мүмкіндік береді. Қазіргі таңға дейін 223 кооператив құрылып үлгерді. Жыл соңына дейін 467 кооператив құрылады деп күтілуде.

Өз кезегінде, бұл үдерістер кәсіпорындардың жүктелімін 30%-ға арттырып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы сауда құнын төмендетуге жол ашады. Сондай-ақ, жұмыспен қамту, миграция және т.б. өзекті мәселелерді шешеді.

Сонымен қатар, ведомство басшысы фермерлермен бірге өңірдің сумен қамтылуы мәселесін талқылап, таразылады және өткен жылдың күзінде Шиелі ауданында қолданысқа берілген тоғанды қарап шықты. Бұл орайда, Бағдарлама аясында тұрақты суғарылатын 610 мың га аумақты алып жатқан жердің ирригациялық жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарының жоспарланып жатқанын атап өткен жөн. Осы қатарда 368 тыс. га аумақтық көлдетіп суғарылатын жер де бар.

Бұдан бөлек, А. Мырзахметов «Үсен бауы» атты ІІІ облыстық малшылар слетіне қатысты.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі