Қ А Р Л Ы Ғ А Ш неге бақытты?

Күнімді жейді күйкі арман,
Жеткізе алмаймын
уақытты,
Қалаған жеріне үй салған,
Қарлығаш қандай бақытты!
Қаңсыды қара жер міне,
Шашпады тіпті таң нұрын.
Түнере төніп
келді де,
Төкпеді аспан жаңбырын.
Бақуат — енжар, жарлы мас,
Түсінбей жүр ем,
түсіндір.
Қанаты жұмсақ қарлығаш,
Қара жер бауырлап ұшып жүр.
Сездің бе соны сен досым?
Бездің бе тағы ел жақтан?
Тіріліп қайта
кел, досым
Хабарсыз қара жер жақтан.
Ел үшін тұрмау ерге сын,
Ел іші неге
майысты?
Қара жер хабар бермесін,
Қаралы ел қара шай ішті.
Күнімді жейді күйкі арман,
Жеткізе алмаймын
уақытты.
Қалаған жеріне үй салған,
Қарлығаш қандай бақытты!..
Аманкүл ПІШЕНБАЙҚЫЗЫ