Павлодарлық бүлдіршіндердің үлкен жеңісі

2018 жылғы 18-22 маусым аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектеп-интернатының  базасында төменгі сынып оқушыларының арасында «Бастау» XІ республикалық математикалық турнирі өткізілді. Республикалық турнирге облысымыздан екі команда бақ  сынады.

Біздің бүлдіршіндер турнирдің барлық тапсырмаларынансүрінбей өтіп, жоғары математикалық білімдерін, ауызша математикалық дәлелдеулерін,   командада жұмыс істеуін, көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді.

Турнирдің қорытындысы бойынша командалық кезеңде дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясыныңоқушылары Лифенко Максим, Ибрашева Алана, Манин ДмитрийІ дәрежелі дипломмен және құрамында Сұлтанбаева Адина, Аманқұлов Абылайхан, Мүбәракова Әминә есімді оқушылар бар Абай атындағы № 10 лицей-мектебінің командасы  ІІІ дәрежелі дипломмен марапаталды. Жеңімпаз командаларды осы оқу ордаларының бастауыш сынып мұғалімдері Кравчук Галина жәнеСерғазина Айнұр дайындады.

Жеке жазбаша тапсырмаларды орындау кезеңінде дарынды балаларға арналған  № 3 гимназиясының 4 сынып оқушысы Лифенко МаксимГран-при дипломымен, дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебінің 3 сынып оқушысы Аманқұлов  АбылайханІ дәрежелі дипломмен, дарынды балаларға арналған  № 3 гимназияның 3 сынып оқушысы Ибрашева АланаІІ дәрежелі дипломмен жәнеАбай атындағы № 10 лицей-мектебінің 4 сынып оқушысы  Сұлтанбаева АдинаІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

«Дарын» республикалық ғылыми тәжірибелік-орталығы математикалық турнирде ерекше жетістік көрсеткен үшін дарынды балаларға арналған № 3 гимназияның 2 сынып оқушысы Манин Дмитрийді және дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебінің2 сынып оқушысы Мүбәракова Әминәныорталықтың грамотасымен марапаттады.

Әлихан Рахметоллаұлы