Павлодарда еліміз бойынша мемлекеттік қызметшілердің тұңғыш мұражайы ашылды

Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында мемлекеттік қызмет істерінің құрылғанына 20 жыл толуына арналған көрме ұйымдастырылды.

Экспозицияда Қазақстанның мемлекеттік қызметінің құрылуын куәландыратын құжаттар көрсетілген. Құжаттармен бірге алғашқы шенеуніктердің суреттері, «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісі және әр түрлі уақыттағы  қызметтік куәліктердің үлгілері де ұсынылған. XX ғасырдың екінші жартысында, бұрынғы Краснокутск, қазіргі Ақтоғай ауданының мемлекеттік органдарында қолданылған теру машинкасы көрмедегі ерекше орынға ие болды. – Біздің жәдігерлеріміз көп емес, бірақ алдағы уақытта қосылатынына сенеміз.

Болашақта, Павлодарда жаңа объектілердің ашылуына байланысты, басқа ғимаратқа көшуді жоспарлап отырмыз. Әзірше, жаздың соңына дейін мұражай осында болады, – деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Әділбек Мұқашев. – Мен бұл мұражайдың өзгерістер көрсеткіші мен жастарға үлгі болатынына сенемін. Мұражайды ашу идеясы қыста пайда болды. Сол уақыттан бастап департамент қызметкерлері ашылу салтанатында көрсетілген  жәдігерлерді жинай бастады.

Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің алғашқы мұражайының тұсаукесеріне бұл саланың ардагерлері мен Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев келді. – Қиын жылдарды тәуелсіз Қазақстанымыздың дамуына үлес қосқан ақсақалдарымызға алғыс білдіргім келеді. Бүгін біз – сіздер бастаған істің жалғастырушыларымыз  – деді Мейрам Бегентаев. Еске сала кетейік, Мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігі 1998 жылдың қыркүйегінде пилоттық жоба ретінде құрылған болатын.

Әлихан Рахметоллаұлы