Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Д.Ж. Кәрібектің тезистері

Қадірменді әріптестер!

Құрметті елорда тұрғындары!

2020 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлар жылы деп жариялаған болатын. Осы орайда, Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты басқармасының жұмысы туралы:

2020 жылдың 15 наурызынан бастап, Волонтерлік штаб өз жұмысын күшейте түсті. Қазіргі таңда, белсенді 1300-ден волонтер короновирусқа қарсы күреске өз үлестерін қосуда. Мысалы азық-түлік себеттерін Нұр Отан партиясымен бірге, 432 волонтер аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жеткізіп беруге ат салысып жүр. Олардың 130-ы өз көлігімен келген. Қазіргі таңда, елорда да 20 мыңнан астам отбасы азық-түлік себетін алды. Одан бөлек, қала сыртындағы блокпосттардың жұмысына 28-дан астам волонтерлар жұмылдырылған. Олар блокпосттарға маска және тамақтарын жеткізуге көмектесіп, түсіндірме жұмыстарына да ат салысуда. Астана медициналық универсиетінде білім алып жүрген 50-ден астам студенттер қалалық денсаулық сақтау мекемелерінде қауіпті дертпен күрсеуге ат салысты. Сонымен қатар, Қалалық волонтерлар штабы «Birgemiz» қорымен бірге, қаламызда 2 млн. медициналық маска таратты.

Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасымен шет елде білім алатын (Варшава — 85, Мәскеу — 149) 234 студентті Нұр-Сұлтан қаласына күтіп алу, оларды қонақ үйлерге жайғастыру және басқа өңірлерге жөнелту жұмыстары жүргізілді. Тест нәтижесіне сәйкес студенттерді өз аймақтарына арнайы көліктермен және туысқандары арқылы жөнелтілді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласынан -100 студент, қалғаны өзге аймақтың студенттері.

Сонымен қатар, Басқарма Қазақстанның өзге аймақтарына шет елдерден (Кипр-1, Ресей-37, Болгария-2, Польша-42 , Нидерланды-16, Тайланд-4 және Біріккен Араб Әмірліктерінен-14) ұшып келген 116 студентті елордаға арнайы автокөліктермен алып келу жұмыстарын ұйымдастырды

Ағымдағы жылдың 2 мамырында Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы тасқынға байланысты төтенше жағдай орын алды. Осыған байланысты, қалалық волонтерлар штабымен елорданың төрт нүктесінде гуманитарлық көмек жинауға арналған пункттер құрылды. 7 мамырда Нұр-

Сұлтан қаласынан 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді, оның қатарына бірінші кезектегі қажетті азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық химия тауарлары кірді.

Карантин кезінде елордалық жастар саясаты басқарамасы жоғарғы оқу орындарымен де байланыс үзбеген. Қазіргі таңда, Нұр-Сұлтан қаласының 16 жоғары оқу орнының жалпы саны 1319 бітіруші студенті оқу ақысын төлей алмай отыр. Бұл мәселені шешу үшін ЖОО басшыларымен бірлесе, оқу ақысын төлей алмаған 4 курс студенттерінің төлем мерзімдерін маусым айына дейін ұзартуға келістік. ⠀Одан бөлек, әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге жеңілдіктер жасалатын болды. ✅ Мәселен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 114 студентке жеңілдік беріледі. Оның ішінде: ⚡19 студентке — 10%, ⚡60 студентке — 15%, ⚡19 студентке — 20%, ⚡5 студентке — 30%, ⚡10 студентке — 50%, ⚡1 студентке — 100% ✅ Ал, Қазақ технология және бизнес университеті Жалпы: 72 студентке жеңілдік берілді, оның ішінде: ⚡19 студентке 10%, ⚡21 студентке 15%, ⚡29 студентке 20%, ⚡3 студентке 50%

✅ КазГЮУ Жалпы 29 студентке жеңілдік берілді, оның ішінде: ⚡22 студентке — 10%; ⚡2 студентке — 20%; ⚡5 студентке — 99% ✅«Туран-Астана» университеті Жалпы 15 студентке жеңілдік берілді, оның ішінде: ⚡10 студентке — 10%, ⚡5 студентке — 20% беріледі.

Қазақ технология және бизнес университетінде биыл тамыз-қыркүйекайында 680 адамға арналған заманауи жатақхана

студенттерге берілетін болады. Құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Одан бөлек, карантин кезінде отбасылық жағдайына байланысты оқу ақыларын төлей алмай отырған 72 студентке 10%-дан 50%-ға дейін жеңілдік берілді. Сонымен қатар, биыл қыркүйек айында Еуразия ұлттық университетінің студенттері үшін 2500 орындық жатақхананың құрылысын бастайды. Қазіргі таңда қаржылық құжаттары жасалып, жобасы бекітілген.

2020 жылға арналған жоспар. (Волонтер жылы)

Волонтер жылын өткізу бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген.

Биылғы жылға келесі жоспарлар мен іс-шаралар кешенін іске асыру жоспарланған:

1. Волонтерлар жылын өткізу бойынша «BIRGEMIZ» іс-шаралар кешені;

2. «Astana volunteers» волонтерлар мектебі аясында кәсіби волонтерларды даярлау;

3. Мүмкіндігі шектеулі жастар арасындағы Мейкатон іс-шаралар кешені. Мейкатон – бұл 72 сағаттық марафон, оған қатысушы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірлерін жақсарту және оларды қоғамда бейімдеу бойынша олардың күнделікті тіршіліктегі жүріс-тұрысын, есту көру қабілеттерін жақсарту.