МЕНІҢ АТАМ МАЙДАНГЕР
Атам 1923 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылында дүниеге келген. Жалындап тұрған жастық шағында 1941 жылы соғыстың өрті тұтанып, майдан даласына аттанады.
Елге оралған соң “Халық шаруашылығы” институтын бітіріп, 45 жыл бухгалтерлік қызметті абыройлы атқарып, зейнетке шығады. Ерлігі үшін бірнеше медальдармен марапатталды. Атам 1989 жылы бұл дүниемен қош айтысты.
Бүгінде атамның 10 ұл — қызынан немере шөберелер тарап, ұрпақтары үлгілі әулетке айналуда.
Марқұм атамның әкеме айтқан ақыл — кеңестері бүкіл әулетімізге сарқылмас азық болды. Мен майдангер атаммен мақтанамын.