«Мағжанның Зылихасы»
Зылиха анамыз Мағжанның қолжазбаларын, суреттері мен жеке заттарын сандықтың түбіне жасырып, жерге көміп немесе сенімді адамдардың үйіне тығып сақтаған. Ол ондаған жылдар бойы КГБ-ның тінтуінен қорықпай, Мағжанның рухын өшірмеуді өзіне серт еткен.
Тіпті қолжазбалар тәркіленген жағдайда жоғалып кетпеуі үшін, Зылиха Мағжанның көптеген өлеңдерін жаттап алған.

