ҚҰДЫҚТАР ТУРАЛЫ АҢЫЗ
Әкеммен бір күні Қарасуға барып кешке ау құрдық.
Ертеңіне әкем ертемен мені оятып :»Кеш тұруға күннің көзінен ұяламын, ерте тұрып жаратқаннан сый аламын»- деген екен,
Болпыш тұр, ауды барып қарайық»- деді.
Ақ төсті ертіп, өзен жағасына келдік.Құрған ауға аққайран,шортан, алабұға, ақ сазан түсіпті.
Жарты қаптай балықты таңдап алып, әкем » сырап болады» деп, аудың көзінен алып, қалғаның қайта суға жіберткізді.
Әкем:»Кәрі ит шоқиып отырмаса, үре алмайды»- дегендей мен отырайын, сен құдық қаз»- деді.
Әкем балықты аршып, балықтың ішек-қарының көмгізді, осы «құдық» туралы ертегіні айтты.
Ертеде құдықтардың ауылы болыпты.
Олар өте тату болған.
Құдықтың бірі ағаштан, тастан болыпты.
Күндер өте құдықтар ішің толтыру үшін дүние жинапты.
Бірі алтын, гауһармен, бірі ағашпен, зиялы тобы кітап, сөздікпен қор жинай бастапты.
Енді заттарына қарап, олардың ауылда орны анықтала бастапты.
Енді олардың бірі бай, бірі кедей, тіпті қайыршы құдықта болыпты.
Әр құдықтың құлқыны ашылып, ұрлық басталыпты.
Бір-бірімен жауласып, құммен көміп кететін болыпты.
Алтын толған құдыққа сый-құрмет көрсетіліп, ағашы бар құдыққа аянышпен қарапты.
Өмірдің мәні байлықпен өлшеніпті.
Олар құдықтың аузынан шыққан дүниеге орын болуы үшін, көлемін ұлғайтқанда, көрші құдықтардың жері тарыла бастапты.
Ең әлсіз, қайыршы аталған құдық түнімен ойланды.
Таң атысымен ол заттарың лақтыра бастады. Басқа құдықтар заттарың алып кеткенің көргенде, ол қатты қорықты, енді ішің немен толтырамын, барымнан айырылдым деп, жылап отырып, түбінде не барын білмесе де,орнымды жоғалтып аламын деп, дүниесі жоқ жерді қаза берді..
Бір кезде мөлдір су құдықты толтырып, сыртқа жайылды, беті әжім түсіп құрғаған жер жадырап, суды жұта бастады…
Айналасы гүлге толды.
Бұны көрген құдықтар мөлдір суды аңсады, бірақ жылдар бойы жинаған көздің құрты дүниесінен айырылғысы келмеді,
Кейбір құдықтар «тегінде байлығы жоқ қайыршы аштан өледі, су бітеді»- деп күлді.
Қайыршы қазған құдық өзенге болып, халыққа ортақ байлыққа айналды.
Мына Қарасу сол ел күлген қайыршыдан қалған су»- деген ертегіні айтып, сусыз өмір жоқ, үйге қайтайық, апаң ұрсады- деген де,
Мен:»Апамнан қорқасың ба?»- деп сұрадым.
Әкем күліп:»Әйелден бәрі қорқады»- деп жолда тағы бір әңгіме айтты.
…Бір патша қартайғанда өзі өлердей әйелінен қорқады екен.
Бір күні екі ту тігіп, бірінің астына әйелің тындайтыңдар, екіншісіне қорықпайтыңдар тұрсын»- депті.
Жарлықтан кейін, қорықпайтыңдар тұратын тудың астындағы жалғыз еркекке риза болып, алтын дайындап, еркектен қорықпау себебін сұрағанда еркек:»Әйелім таңертең елден бөлек жүр»- деп еді дегенде патша отыра кетіпті…
Патша халықты тындамаса да, әйелді тындайды екен ғой деген маған ой келді…
Апам әйелді «қойын құрт» дейтін.
Менде сол күні қойын құрт апамның ақылдылығын мойындадым…
РАЙХАН МАТАЕВА