КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Аймақтағы шаруалар қауымы қолайлы ауа райын пайдаланып, тәулік бойы тынбай еңбек етуде. Бүгінде жаздық масақты дәнді дақылдарды себу жұмыстары 97,3% орындалды. Биылғы жылы масақты дәнді дақылдар 222,0 мың гектарға дән себіліп, өткен жылмен салыстырғанда 5,9 мың гектарға артады.
Бүгінгі күні 34,7 мың гектарға көп жылдық шөп, 16,5 мың гектарға бақша дақылдары, 17,3 мың гектарға дәндік жүгері, 70,0 мың гектарға майлы дақылдар және 27,1 мың гектарға бір жылдық шөп егіліп, себу жұмыстары аяқталса, 11,3 мың гектарға картоп, 40,9 мың гектарға көкөніс, 4,8 мың гектарға қант қызылшасы отырғызылып, дала жұмыстары 98,0% аяқталды. Бұл бағыттағы жұмыстар жекелеген аудандарда әлі де жалғасуда.