Кешірілмес қателік

—Мам, қараш мына көйлек қалай, тырсиып тар боп тұрған жоқ па? «деп, Еркетай мамасының алдында еркелей билей бұраңдады.
» Мам»деп аталған әйел, жасы 47 ден асса да қыз құсап қылымсуды қоймаған Қатипаш еді. Еркетай, Қатипаштың екі ұлының арасындағы, өзі айтпақшы «маленький, аленький цветочек»қызы.
Телефоннан жақсы риза көңілмен керіле басын көтерген Қатипаш
—Гүлім ау, сен маған тартқансың, сен не кисеңде жарасады. Мен сенің жасыңда мектептен күніне үш, төрт хат алмай қайтпаушы едім. Мырқымбайлар сөмкеме хат салып кеткенін өздерінше ерлік көретін. Бетіме тіке келіп көңіл білдіріп сөз айтуға боқмұрын жүректері дауаламайтын—»деп мекерлене күлді де
—Есіңде болсын, қыз баланың ең бірінші қаруы сұлулығы. Сұлу көрініп, бетіңнің әрі
болса, онда жарты өмірімнің азығы бар
деп есептей бер. Тағы айтарым,қанша оқымысты болсада бозымбай аузынан жөндем сөз шықпайтын жігіттерден аулақ бол. Сәттілік, өжет, батыл еркекті таңдайды. Сондықтан өзіңе тіке келіп сұлулығыңа сұқтана тұрып сөз айтатын жігіттермен жүр—»деп қызына күнделікті
«Әйел философиясын» оқытып жатқан Қатипаштың сөзін Еркетайдың өзі үзді
—Онда не папам, сен әлі кішкентайсың саған махаббат ерте, сабағыңды оқы, инистут бітір, мамаң екеуміз өзің қалаған жігітке ұзатып, шырқатып той жасап ұзатамыз деп қоймай жүр» деп әдемі балғын ернін еркелей бұртитты.
Еркетай өзінің жұрттан әдемілігін біледі, себебі оны мамасы өмір бойы құлағына құйып келеді. Папасы да»менің қызым ең сұлу періште «деп бұның сұраған нәрсесін алып береді.
Еркетайдың папасы Қалжан 49 дан жаңа асса да келін алып» Ата» атанған жігіт ағасы, ия былтыр тұңғыш ұлын үйлендірген Қалжан Тенгиз швроил жағында бір құрлыс фирмасының тракторшысы. 28 күндік вахталық әдіспен жасайтын Қалжанның айлығы 650 мыңнан басталып 930 мыңға жетіп жатыр.
Өзі жанұясын алып бөлек отау болсада, үлкен үйленген ұлын «Кемпір шалдың баласы» деп әке шешесінің қолында қалдырған. Солар өздері үйлендірді, өздері келін жұмсап отыр.
Сондан кейінгісі осы әңгіменің кейіпкері
Еркетай 16 жасар қызы. Бұлардан соң
биыл үшінші сыныпқа барған ұлы Салман.
Қалжан әке болып балаларына ат қойып көрген емес. Үлкен ұлдың атын
Ақылбек деп атасы қойды, расында да Ақылбек десе Ақылбек кейде ақылды сөздер айтып қалғанда, ата бабасын жіктеп түгендеп кеткенде Қалжанның өзін састырады.
—Оййй, қойш соны, папаң не біледі. Жалпы есіңде болсын Еркош еркектің еті арам болсада еңбегі адал, олар ақша тауып отбасын асыраса болды басқа әңгімеге араластырудың қажеті жоқ. Оларға, ақша керек деген кезде суырып беріп мә деп тұруы міндет.
Олардың үнемі естеріне салып тұратын бір жәйт ол әйел ақша тапқысы келсе жолдары көп екенін, әйел кез келген жолмен ақша табалатынын сездіріп қою керек. Оның үстіне әйел көрікті болса, күйеуі оның үстінде өліп кетеді. Сондықтан Еркош, ешқашан бетіңе әжім түсірме, үнемі қымбат крем, пасталарды
пайдаланып жүр. Тіпті ертең нан таппай аштан өлер болсаңда, тумбочкаңда косметичкаң толып тұрсын. Нан табылады, ал сұлулықты бір жоғалтсаң қайтару қиын—»деп Қатипаш әлі пәлсәпа соғып отыр.
—Мам, әжем сені жырпылдақ, қырыққа келседе қылымсуын қоймаған көбелек, бұл ене болып қарық қылмайтын қатын—» деп жамандайды—ол неге сені жаман көреді—»деп еліктің көзіндей көздерін төңкеріп,майыса сұрады.
—Туу, қойш сол қақпасты, ол әуелден папаң екеуміздің қосылуымызға қарсы болған. Оның үстіне бір қатын бір қатыннан қалса бір жерін кеседі деген, сол менің қартаймайтыным, сұлу қалпымды бұзбайтынымды көре алмайды.»деп ұзаққа кеткелі жатыр еді, Еркетай:
—Мам, біз Сұңқар екеуміз ең күшті жұп боламыз, мектептегі махаббатты өмір бойы алып өтеміз деп шештік. Ол да мені бір көргеннен ғашық болған. Мама, сен бір көргеннен ғашық болуға сенесіңбе? Сен де солай болдың ба? —»деп мамасының есіне бірнәрселерді түсіріп жіберді.
—Әрине қызым, менде, папаңда бір бірімізді Ақтөбедегі жолдас жігітінің туған күнінде кездестіріп ұнаттық. Ертесіне үйленеміз деп шештікте, осы ауылға еріп келдім—»деп ауыр күрсінді де ойланып қалды. Әрине Қатипаш қызына, жас кезінде жеңілтек болғанын, мектеп бітіргесін ешқайда оқуға бармай,жеңіл жүрісті болып, ауыл ішінде аты шығып кеткесін өзінің туған әкесі өлтірем деп үйден қуып шығып, сол күні ауылдасының үйіне қыдырып келген Қалжанмен дастархандас болып, отырыспақ соңында жалдамалы пәтерде Қалжанмен төсектес болып ертесіне етегіне еріп кеткені ешқандай махаббат емес, шарасыздықтан болғанын айтпады. Бұның қыздай келмегеніне Қалжан мән берген жоқ, мән берседе ешқашан бетіне басқан емес.
Қатипаш өзін ылғи жолы болғыштардың қатарына қояды. Жас кезінде шайқап, күліп ойнаған, бұған тағдыр қойдан жуас, жетектеген тайлақтай ерітіп жүре беретін Қалжанды жіберуін өзінің үлкен жолы болғыштығының арқасы деп ойлайды.
Бүгінде сол өмірде жиған терген ақылы мен айласын дос қызымен отырыспаққа барғалы отырған қызына құйып отыр.
—Мам, мен кеттім Сункарчик келді «деп
Еркетай бар мүсінін көрсетіп тұратын жабысқан қысқа етек көйлегінің сыртына» без рукавка»деп аталатын куртка жакетін киіп үйден шыға берді.
Қатипаш ойланып отыр, осы қызын жақсы құдаға берсе, ол да көрген жерде
«Құдағи бір партия» деп әзілдесіп тұрар қатары болса, айға жетпеседе ауылға жарар атағы болса деп қиялдап шарлап, болар құдасының түр тұлғасын елестетіп кетті.
Қызын малындырып киіндіріп ұзатып, құдағай болып төрде тұрарын, жүздеген адамның бұған қызыға да, қызғана қарап тұрғанын елестетіп жатып, қалғып бара жатыр еді, телефоны түспегір «әндете» жөнелді. Вахтадағы күйеуі екен, ұйқысының бұзылғанына емес, қиялының үзілгеніне тыжырына телефонын көтерді.
—Алооо, Қатипаш үйдесіңдерме? Не хабар? Жан жақтар аманба? Еркош телефон алмай тұр ғой, ол қайда? —»деп ұзақ жауап алуға көше бастады.
—Тууу Қалжан, сенде бір ұйқтайтын кезде соғасың, не болды сонша? Бізді жау алар дейсіңбе? Қызың бар, дос қызымен интернеттен сабаққа керек бір нәрсе жазамыз деп кеткен. Салманчик ұйқтап жатыр,Ақылбек сірә біздің өлі тірімізде шаруасы жоқ, сенің шешең айтпақшы бізің үйге келсе бұзылып көргенсіз боп кетеді. Басқа не айтайын, үйден шықпаймын, ағайынның той садақасына барып сенің атыңнан тиын тебенін жаздырып кетем»деп жақтырмағанын жасырмай жылдамдата қатқылдау жауап берді.
—Әй, Катюша зуламай тұра тұршы, жұмыстан келіп жуынып шәйініп, ауқат ішкесін әйелімізді сағынамыз да,вахтовиктердің балаларды сағындым, әйелімде шаруам бар дейтінін білесің ғой.
Жарайды, жақсы шаруа ауылға барғасын бола жатар»деп мәймөңкелей күлді де
—»Қызымның сабағы қалай? Бір нәрсе алғысы келіп, кигісі келіп жүрген жоқпа? Сұрап қой,. Жұтап жүрмесін.Қызға қырық үйден тию деген бар, кімге, неге баратынын үнемі сұрап отыр. Достары кім? Қандай жігіт көз қысып жүр, бәрін бәрін біліп отыр, сен шешесісің ғой, сен бәрін білуің керек. Өтірікте болса қабағыңды түйіп қой, баяғыда көріп қалса шешесі сарт еткізіп ұрады ай деген болған
екен деп де айт.
Ұлдар бірдеңе қылып күн көрер,атасы мен әжесі бар,біз қанша жақсы көріп тұрсақта,әжесінің бір айналайыны оларды тартып кетеді. Ұл дегенді көше тәрбиелейді жағаласып өспесе,ертең өскесін мынандай заманда өмір сүру қиындау болар. Ал қызды дұрыстап өсіру керек, сенің ақылың мен менің табысым қызды қызғалдақтай құлпыртып қатарының алды, оқ бойы озық қылып жүрсін»деп айтып жатыр еді, Қатипаш
—Ойй, сеніңде шабытың келе қалған екен, ертең ауылға келгесін 25 күн сол ұл қызыңды арқала да жүрші а, давай мен ұйқтаймын-» деп телефонды қоя салды.
Әрине ұйқтаймын деген жәй сөз, телефон шұқып, инстограм қарап түн ортасына дейін ұйқтамайды.
Таңертең әдеттегідей кеш тұрып, беті қолын жуып болғасын,шәй ішпестен бұрын, қызының бөлмесін қарап Еркетай ұйқтап жатыр екен. Жүзіне үңіліп еді, қатты қиналыс пен шаршағандық сезіліп жатқанын көрді де
«Еее, бұның жасында өзімде осылай таң ата келіп, талып ұйқтайтын едім ғой. Қайран қайтып келмес жастық шақ ай» деп ойлап бөлмеден ақырын басып шығып кетті.
Ия. Өз өміріне дән риза, ішер ас пен киер киімге тойған ана, өзінің үлбіреген қызының бүгін түнде жеңіл желпі «кумарик» деп аталатын есірткіге елітіп
жоғарғы сынып та оқитын үш боз баланың ермегі болғанынан бейхабар еді.
Олар есірткіге тойдырып зорлаған өз алдына, қыздың жалаңаш күйін, қатынас кезіндегі сәттерін түгел фотоға түсіріп, қызды әрпіл тәрпіл сөйлетіп бейне камераға түсіріп алған.
Қатипаш асықпай отырып шәй ішті, сүйікті ісі телефонды шұқылап, инстограмды парақтап отырды.
Еркетайдың мұғалімі телефон соғып
—Еркетай, сабаққа келген жоқ. Өткен жұмада болған жоқ еді, бүгін дүйсенбіде тағы жоқ. Не болды екен. Сабақтан көп қалады анасы ретінде соған араласып ескертсеңіз. Үлгерімі нашарлап, тәрбиесі де төмендейді—»деуі мұң екен, Қатипаш қатты кетті.
—Әй, бері қара. Менің қызымды тәртіпсіз тәрбиесіз деп айыптайтын сен кім едің? Мектепке барса, сабағыңды біл. Бармаса, онда ол сенің кінәң. Сабағыңа қызықтыра алмағаның. Жалпы мектептер бұрынғыдай емес, тек әйтеуір аттарың мектеп. Дәм болсын айлық алып жүрген біреусіңдер—»деп айғайға басты.
—Мәәә, қара бұларды. Үндемегенге тіпті құтырайын деді ғой. Бармайды ал сол мектебіңе, не жөнді білім беріп жатсыңдар соншалықты? Тапқан екенсің үндемей сенен сөз естіп отырар жаманды. Көрсетейін мен саған—»дей бергенде, ар жағындағы мұғалім
—»Апай, мен сізге басы артық не айттым, жәй Еркетайдың сабаққа келмей жүргенін айттым емеспе? Неге сонша айқайлайсыз? Не жаздым сізге»деп шыр шыр етті.
«Әәә, солай шығар, көрсетем мен сендерге үндемей отырар жанды» деп ойлап отырған Қатипаш—Бармаса барар, не қылар дейсің бір екі күн сабақтан қалса, барған күндерінде жақсылап оқытарсың.
Солай, шырақ. Босқа телефон соғып мазамды алма—»деп телефонды сөндіре салды.
«Осылардың, Еркоштан басқа шаруасы жоқпа, мектепте пәленбай оқушы бар, соларды жөндей берсін. Менің қызым қажет болса мектепсізде өмір сүре алады.
Өз жөндерін жөндей алмай жүріп, менің қызымды жөндемекші, пішту деген…
Сонымен солай қайырды да, малынып киініп дүкенге кетті. Алар ештеңесі болмасада дүкен аралап көрген киімдеріне мін тағып, майда шүйде бірдеңелер алып уақыт өткізіп келу әдеті.
Кешке таман басын көтерген Еркетайдың ештеңеге зауқы соқпады. Мамасы әке көкелеп жүріп шырын, иогурт беріп бетін бері қаратты.
—Еркошай, қатты шаршапсың ғой, күшті отырыс болдыма, жақсы биледіңдерме.
Айтшы, кім қалай киініпті, жігіттерге кім көбірек ұнады. Бұндай да отырыстың гүлі болу деген керемет сезім. Жігіт біткен қаумалап сені көзімен ішіп жеп отырса, сен ешкімге ыңғай бермей өзіңді көктен түскен періштедей сезініп діңкелерін құртып отырсаң, міне отырыстың мәні—» деп көпіріп жатыр еді,
—Туу, мама, қойшы, басым аурып көтертпей тұр. Барып демалайын» деп бөлмесіне кіріп кетті.
Қызының артынан барып, не болғанын білмек болып жатыр еді, кіші ұлы келіп
—Мама, папам келгесін тоқпен жүретін самокат алып берсінші я, сен айтсаң алып береді ғой, мама я?—» деп қылқылдап тұрып алды.
—Ой, жанымсол. Ия айтам, алып бергізем.
Пенсиясын той садақаға сауып отырған әке шешесіне көмектескенде жақсы ғой, оданда баласына жұмсасын. Айтам құлыным, айтам—»деп баласын жіберді де
өзі диванға телефонын ала отыра кетті….
1 бөлімнің соңы. Жалғасы бар.
(әңгімедегі адам аттары ойдан шығарылған, сәйкес кеп жатса кездейсоқтық деп есептерсіздер)
М. Кенжебаев. Бейнеу.