Кеше Трамп 79 жасқа толды.

АҚШ астанасы Вашингтонда әскери парад өтіп, туған күнін мерекемен атап өтті.
Путин қоңыраулатып құтықтады. Екеуара әңгімеде Украина емес, Израиль-Иран соғысы әңгіме болды. Путин соғысты тоқтатуды сұрады. Трамп Украинаға соғысты аяқтасаң көрейік деді…
Сірә пәтуәлі тоқтамға келе алмағандай. Соғыс жалғаса бермек, тек оның ядролық бомба қолданысына жеткізбеспіз дегенге уағдаласқандай секілді әзірге.
Елу жылда ел жаңа.
Елу жыл бұрын Иранда Пехлеви Шах қожа еді. Экономикасы алғашқы бестікте, қарулануы СССР мен АҚШ-тан кейін үшінші орында тұратын.
Шах тақтан таятын 1979 жылды сол кездегі АҚШ Президенті Картер Тегеранда Пехлеви отбасында қарсы алған. Екі ел достығы ерекше еді. Шах экономика жағынан Иран бірер жылда америкадан кейінгі мемлекет болады деп мақтанған.
1978 жылы ирандықтардың әулие табынушысы Кир патшаның 1000 жылдығына әлемнің барлық Президенттерін шақырып, ұлан-асыр той өткізген. Патшалығым мың жылдық, мен Құдайдың сүйікті ұлымын деп асып-тасыған болатын.
Бір жылдан кейін сол Кир тойына келмей қалған Франция Президентінің қолдауында Парижде бас сауғалаған Хомейни билікті тартып алды. Шах туған-туыс есерсоқтарына көп билік берген. Олар қарсыларды аямай жазалап, тіптен Хомейнидің жалғыз ұлын өлтіріп тастаған. Содан да Хомейни тақты алғанда Шахтың жақындарын тұтастай дарға асты. Миллион ирандық елден қашты.
Енді заман қайтадан төңкеріліп түсетіндей.
Трамп Путинге Иран билігіне Хомейни режимін лақтырып, Пехлеви Шахтың америкадағы тұяғы жалғыз қалған ұлын таққа отырғызсақ дегендей ыңғай білдірді.
Израилдің де көксегені сол. Діни қалыптағы режимді құлату. Өйткені Иран мемлекетінің саясаты: Ядролық қаруымыз болса-бірден Израиль мемлекетін атқылып, жер бетінен жойып жібереміз жегенді ашық айтады.
— Ертең жоқ болғанша, бүгін Иранды ауыздықтайық,-деп 1996 жылдан беріде Израиль Премьер-министрі Нетаньяху, халқы келіспесе де Иранға соғыс ашып жіберді.
Онысын көрші араб елдері де қолдауда. Иордания төбесінен ұшқан Иран ракеталарын атып құлатуда. Ешқайсысы Иранның ядролық қаруға ие болып, аймақта жалғыз қожайын болғанын қаламайды.
Сонымен бұл соғыс Иран режимі ауыспай тоқтамайтынға ұқсайды.
Трамп әлқиссасынан соны байқағандаймыз…
Путин де Украина режимі ауыспай соғысты тоқтатуға келіспейтіндей ыңғай танытуда. Яки, Украинада сайлау өтіп, ЗЕ кетсін дейді…

Пехлеви Шахтың тақтан кету себебі рак сырқатына ұшыраған. Вашингтонда емханада жатқанда халқына оқ атпа, күнәһар болма деген американдық әйгілі достарының айтқанына көніп билігін берген. әйтпесе есорсоқ күштік органдарды басқарған іні туыстары қарсы келген ирандықтырды қан жоса етіп қырып тастар еді.
Американдық бір журналист естелігінде;
«Пехлеви резиденциясында отырмын. тырнақтары сояудай мини юбкадағы хатшы қыздар көшедегі танктерді көріп.
— Ертең бәрі қалпына келеді. Ақымақ көтерлісшілерді бүгін полиция мен солдаттар атып бітіреді,- деп мәз болып сықылықтап кофе ішіп жатты дейді.
Ал ертеңінде солар резиденциядағы қызметтеріне жете алмады. ұсталғандарын фанатик көтерлісшілер көшеде дарға астып тастағанын жазады.
Мұндай мысалды көрген, істегендер тақты өлгенше бермесі хақ.
қалай болғанда да әлемді билеушілер ғаламдық соғысқа жібермей жанжалдарды ауздықтаса дейміз…

Мақат Садықтың фб парақшасынан