ҚАРА ҚАЗАННЫҢ ҚАСИЕТІ………
Қара қазан туралы не білеміз?
Қара қазан шайқалса ырыс шамданады.
Қазан құйдырсаң-
саудаласпа,сұрағанын бер.
Қазанды төңкерме,артында тұяғы қалмай тұқымы құрығанда қазан төңкереді.
Қайтыс болған адам түске кіріп мазалағанда,
қазанына су толтырып бейітінің басына қояды.
Егер қайтыс болған адамның артынан тұқымы өле берсе,қара қазанын оның бейітіне төңкерген.
Ондағысы -ұрпағының өлімі тоқтайды деп ырымдаған.
Қара қазанды бос тұрмайды,түбіне май жағып ,бетін жауып қою керек.
Қара қазан бос тұрса ырыс кетеді деген ұғымнан туған.
Біреуден қазан алсаң,бос қайтармай,ішіне ырымдап сарқыт салып беру керек.
Қара қазанды қыз ұзатқанда немесе күйеудегі қызға бермейді.
Егер суға,көлге адам батса қара қазанын алдырып,
суға төңкерген,сонда қазан иесі батқан жерге барып,айналып тұрады екен,содан тапқан.
Қазан мықты болса,ел мықты.
Қазан шаңырақ сияқты бұтіндіктің белгісі болып саналады.
Қазақ баласы бөлек шыққанда ырымдап қара қазанды апарып берген.
1399 жылы Әмір Темір Яссауи,Арыстан бабты салғанда жеті түрлі металдан қазан құйдырған.
Қазанды құйып біткенше жеті имам дұға оқып отырған.
Тайқазанға жетпіс малдың етін салып
бір шаммен қайнатып,құрылыс салып жатқан адамдарды тамақтандырып отырған.
Оны Алланың қазаны деп атады.
Хадисте де былай делінген:
«Кім Алла Тағалв үшін су құятын ыдыс жасаса Алла Тағала оған арнап жұмақта хауыз дайындайды» делінген.
Осыны білгеннен кейін дана адамдар қазан құйдырып,баласына аманат еткен:
“Мен өлгеннен кейін мына қазанға су толтырып жолға қой,ел су ішсін” деп.
Су ішкен адам дұға қылған,сауабы қазанды жасаған адамға тиіп отырған.
Қазаннан айырылу-ол құт-берекеден айырылу.
Мысалы ,тарихта Олжабай батыр бастаған жасақ ботақанды тірілей көміп қазанын алып кеткен.
Абылай хан көшкенде Бекболат би қуып келетінін біліп,қара қазанын жұртқа тастаған.
Оны көрген Бекболат түсініп қазанға ет асып ,ашуы тарқаған.
“Абылай тегін адам емес ,Алланың адамы “ деп ,өлтірмей райынан қайтыпты.
Ислам тарихында тайқазанда “Мүбарак бап” деп жазылған.
Құтты,берекелі болсын деген мағына.
Қазақтың Тәуке хан тұсындағы 7 жарғыдағы 7 ауыр айыбының бірінші айыбы-Қара қазан деп аталады.
Оның жазасы -айыпкердің шаңырағының ортасы түскендігінің белгісі,құлдыққа салады.
Жалпы қазанның тарихына тоқталсақ,25 ғасыр бұрын Геродотта сақ патшасы Ариенттің қазаны туралы жазылған екен.
Ол қазақтың әскерлерінің жебесінің ұштарын сақ тайпаларымен достасу үшін жасаған екен.
Қазан сөзінің шығуы қазу,қазған,қазан шұңқыр мағынасынан шығып отыр.
Қазақ айтады:
“Қазаннан қақпақ кетсе,иттен ұят кетеді”,
“Піс ,қазаным ,бес ай “ деген сөздің мағынасы түсінікті.
Күн-Алланың оты,
Ошақ-адамның оты десек,ол ошақта тұратын қара қазан.
Ақтамберді жырау:
Пышақтан малың кетпесін,
Қазаның оттан түспесін.
Ауылдан қонақ үзілмей,
Ошақтың оты өшпесін!
Әумин.
(“Әшекей бұйымдардың тылсым құпиясы” кітабынан үзінді.
Ешмағанбетов Бауыржан.