Қар барысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының символы ретінде бекітілдіі

Қар барысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми тұмары ретінде бекітілді. Биылғы ауқымды дода Қырғызстанда өтеді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қар барысы елдің мәдениетімен тығыз байланысты. Ол көшпенділер рухын, күш-қуатты, дәстүрге беріктікті білдіреді.

Негізгі жарыстар Ыстықкөлде өтеді. Биылғы ойындарға 100-ден астам елден 3000-нан аса спортшы қатысады.