ІІ-Дүниежүзілік қырғын: ТАҒДЫР ҺӘМ ТАҒЫЛЫМ

ҚАРА ПҮЛІШ СЫРҒЫП ТҮСТІ БЕСІКТЕН,
СОЛ ХАБАРДЫ ТАҢСӘРІДЕ ЕСІТКЕМ.
БІР АЯҚ ПЕН ЖАЛҒЫЗ КӨЗДІ, МОЛАҚ ҚОЛ,
ЖЕҢІС КІРІП КЕЛЕ ЖАТТЫ ЕСІКТЕН…
Бұл — қазақтың көрнекті ақыны Иран-Ғайыптың тағдырлы өлеңі. Осы төрт жолда барлық қасірет айтылған. Алып-қосары жоқ…
Бүгінде соғыстың табиғаты да, философиясы да өзгеріп кетті… Құдай бетін аулақ қылған!
ІІ-Дүниежүзілік қырғында шейіт кеткен және елге оралып ел дамуына еңбек еткен барша батыр аталарымыздың рухы шат болсын.
Тірілерге Құдай қуат берсін!
Күні кеше Елордада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай ІІ-Дүниежүзілік қырғынның 80 жылдығы.
Күні кеше Елордада арналған әскери шеру өтті.
Бұл парад — шерлі күндерден сабақ алатын, етек-жеңіңді жинап, елдікті ұлықтайтын, тағдырлы кезеңді ұмытпайтын тағылымы бөлек рухты шақ болды.
«Парад – бейбіт күнді күзеткен сарбаздарға құрмет», — деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев араға жылдар салып жоғары деңгейде ұйымдастырылған әскери парадтың ең басты мақсаты – батырларға тағзым екендігін айрықша атап өтті.
Шындығында, бұл – жай ғана тарихи дата емес, майдан үшін жанын қиған батыр бабаларымыздың ерлігі мен бірлігінің айғағы.
Сап түзеп өткен парадта еліміздің элиталық әскери бөлімдері мен заманауи техникалары көрсетіліп, Қазақстан Қарулы күштері авиациясының истребительдері Астана аспанын көк туымыз түстес бояумен көркемдеп, мерекелік жиынның салтанатын асырды.
ПАТРИОТИЗМ МЕН ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ
Бабалар ерлігі – ерлік, қайсар рух пен Отанға адалдықтың символы. Мемлекет басшысы ардагерлерге тағзым – бірлік пен ұрпақтар байланысының көрінісі екендігін тілге тиек етті.
Кеңес Одағының құрамында болған республикалар ішінде майдан даласынан «қарақағаз» ең көп келгені – Қазақстан-тұғын. 1,2 миллионнан астам қазақстандық соғысқа аттанған. 500-ден астамы Кеңес Одағының Батыры атанса, 100-ден астамы — Даңқ орденінің толық иегері болған.
Бүгінде еліміздің
Жеңістің 80 жылдығына орай елімізде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып, 500-ден астам көшеге Ұлы Отан соғысы батырларының есімдері берілді. Тіпті, Астанасынан бастап шалғайдағы ауыл, елді мекендеріндегі көше не әлуеметтік нысандар, білім беру мекемелеріне майдан даласында батылдығымен ерекшеленген Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский сияқты батырларымыздың тарихи есімдері берілді. Еңселі ескерткіштері жаңғыртылып, ұрпақтан-ұрпаққа өтетін маңызды мәдени мұраға айналды.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЛЕСІ – МАЙДАНДА ДА, ТЫЛДА ДА
Қазақстандықтар майданда тек жауынгерлік ерлікпен ғана емес, тылда да үлкен еңбек етіп, Жеңісті жақындатты. Соғыстың алғашқы жылдары майданға 1,2 миллион қазақстандық аттанса, олардың 350 мыңнан астамы қайтып оралмады. Күні-түні еңбек еткен қазақ еңбекшілері қару-жарақ пен оқ-дәрі дайындап, әскери киім тіккен. Майдан даласында атылған 10 оқтың 9-ы біздің қорғасыннан құйылды. Отанды шын сүйетін азаматтардың тылдағы еңбегі Жеңісті жақындатудың бір бөлігі болды.
ҚАЗАҚСТАН АРМИЯСЫ – ЕЛДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН БЕЙБІТШІЛІГІНІҢ КЕПІЛІ
Президентіміз атап өткен «Жаным – арымның садағасы» қағидасы бүгін де өзекті. Қазақ халқының өзіне тән адамгершілік қасиеттері мен ар-намысқа деген адалдығы – еліміздің рухани күшінің негізі. Ұлттық құндылықтарды сақтау, отансүйгіштік пен құрметке негізделген қоғамды қалыптастыру бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.
Осы жолда Қазақстан армиясы да тәуелсіздік жылдары нығая түсті. Бүгінде Қазақстан армиясы БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына қатысып, әлемнің түкпір-түкпірінде ел мүддесін абыроймен қорғап келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасымен Қазақстан Қарулы Күштерін жаңғырту мен әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән бергенін көрсетеді.
Президент бастамасымен Парламент Мәжілісінде талқыланған Қарулы Күштерді жаңғырту және әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғауды нығайтуға бағытталған жаңа Заң жобасы – әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуына жол ашты.
Жеңіс күні – тек тарихи оқиға емес, біздің өткеніміз бен болашағымыз арасындағы байланысты күшейтетін, патриотизм мен ұрпақ сабақтастығын қалыптастыратын, ерлікті және еліміздің болашағына деген жауапкершілікті сезінетін қастерлі дата.
Суретте: Рейхстаг және Берлиндегі Трептов паркі. Әйгілі «Азаттық жауынгері» монументінің прототипі қазақстандық сарбаз — Иван Одарченко!
Монументтің биіктігі — 12 метр.
Бұл паркте 17 000 Кеңес әскері жерленген!
Оның ішінде, әрине, қасық қаны қалғанша шайқасқан біздің аталарымыз да бар.
Автор Жанарбек Әшімжанның фб парақшасынан