ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРТЫН СЫЙЛАУЫ – ЕЛІНІҢ САЛТЫН СЫЙЛАУЫ
Сатып алуға болмайтын екі нәрсені бәріміз білеміз. Ол – сыйластық пен денсаулық.
Сыйластық басқаларды түсінуден басталады.
Сыйлы болу үшін мына қағидаларды естен шығармаған дұрыс.
1.Басқаларды шын жүрекпен сыйлай білсеңіз, өзіңіз де сыйлы боласыз.
- Сыпайы сөйлеңіз.Біреудің жанына тиетін артық сөз айтпаңыз.
- Ешкімге қалай өмір сүру керек екендігін айтпаңыз.
Өзі сұрамаса қажеті жоқ, қазір бәріміз ақылдымыз.
4.Айтқан сөзіңізде тұрып, берген уәдеңізді орындаңыз.
5.Жасандылық жасамаңыз, пейіліңіз кең болсын.
6.Біреуді кемсітпе, қиындықта жүрген пендеге көмектесіңіз.
Барлық адамға мейіріммен, құрметпен қараңыз.
7.Досыңа, туысыңа адал болыңыз.
8.Біреудің сыртынан ғайбат сөз айтпаңыз.
Біреудің баласын әңгімеге қоспаңыз.
Ертең не боларын білмейсіз.
- Біреу қателігіңізді бетке басса, өзіңізді сорлы санап, өмірден түңілмеңіз, алға қарай жақсы болуға тырысыңыз.
- Киімді талғаммен киініңіз. Көпшілік ортада көп сөйлеп, қатты күлмеңіз.
- Қонақта отырғанда дәрігерге ауруыңызды айтып немесе басқа банк қызметінде, заң орнында істейтіндерден көмек сұрап, телефонынсұрап, мазасын алу – нағыз мәдениетсіздік.
- Сіздің көрсеткен сый-құрметіңізді бағаламаған адамнан ренжіспей, өкпе айтпай, ішіңізден жақсылық тілеп, уақытыңызды кетірмей, адамдық құныңызды түсірмей алыстағаныңыз жөн.
- Сенбесеүндемеңіз,ақталып, кінәсіз екеніңізді дәлелдеудің қажеті жоқ.
- Бағаламаса– жайына қалдырып, алыстаңыз.
- Сыйламаса–сый күтпеңіз, кетіңіз.
Қайырлы кеш, сыйлас менің достарым!
Сіздерге үлкен сыйластықпен,
құрметпен қарайтын, жақсылық тілейтін Райхан.
Райхан МАТАЕВА