ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ – БАСТЫ МІНДЕТ

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының және Байзақ аудандық мәслихатының жұмыс регламентінің талаптарына сәйкес, аудандық мәслихаттың «Білім, тілді дамыту, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, жастар ісі және спорт мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспары Қазақстан Республикасының Заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық құжаттарын, сайлаушылардың талап – тілектерін, өзіміздің сайлауалды бағдарламамызда көтерілген мәселелерді негізге ала отырып жасалды және жоспарға сәйкес төмендегі жұмыстар атқарылды.
🔰 Тұрақты комиссия есепті кезеңде 5 тұрақты комиссия отырысын өткізіп мемлекеттік органдарға 21 депутаттық сауалдар жолдады.Сондай-ақ, әр депутат жеке-жеке орта есеппен төрт реттен өз сайлаушыларымен кездесулер өткізіп, өз округтері бойынша қордаланған мәселелерді назарға алып, тұрғындарға бағыт-бағдар ұсынып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔰 2024 жылы тұрақты комиссия тарапынан зерделеніп, комиссия отырыстарында келесі мәселелер қаралды:
— Сарыкемер ауылында орналасқан білім мекемелерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету туралы;
— Аудан тұрғындары мен мектеп оқушыларының дінге қатысты ұстанымы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы
— Ауданымыздың спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасының жай-күйі туралы.
— Ауданның білім мекемелеріндегі жылыту жұмыстарының атқарылуы туралы.
🔰 Тұрақты комиссия отырыстарының шешімдері бойынша бірқатар ұсыныстар берілді және орындалды:
🔰 Бірінші мәселе бойынша Байзақ ауданының білім бөліміне:
Сарыкемер ауылында орналасқан білім мекемелерін таза ауыз сумен қамту мәселесін шешу ұсынылды.
Нәтижесінде бүгінгі күні көтерілген мәселені шешу мақсатында жобалық — сметалық құжаттар жасалып, жұмыстар толығымен орындалды.
🔰 Екінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің дін сектор меңгерушісі Арғынбаева Сәуле Қуанышқызының есебі тыңдалды. Ауылдық округтерде тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде халықтың діни сауаттылығын арттыру, сондай-ақ, комиссия тарапынан ауданымыздағы мектеп оқушыларының дінге қатысты ұстанымы бойынша зерделеу барысында туындаған мәселелер бойынша аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің дін секторына ұсыныстар берілді. Берілген ұсыныстар назарға алынып,қазіргі кезде аудан тұрғындарымен және мектептерде ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.
🔰 Үшінші мәселе бойынша Ауданымыздың спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және бірқатар спорт мектептерін күрделі жөндеуден өткізу бойынша Байзақ ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне ұсыныс жасалып,нәтижесінде Жетібай ауылының спорт мектебі күрделі жөндеуден өтті.
🔰 Төртінші мәселені зерделеу барысында аудан мектептерінің жылыту қазандықтары мен мектеп арасындағы құбырлардың ескіргендігі,бұл құбырлар аудандық тұрғын үй және құрылыс шаруашылығының теңгерімінде болғандықтан білім бөлімі де, «Байзақ су», «Жамбыл жылу» мекемелері де жөндеу немесе жаңарту жұмыстарын өз міндеттеріне алмайтындығы анықталды. Сондықтан, Байзақ ауданы әкімдігіне жылыту қазандықтары мен мектеп ортасындағы құбырларды жылыту қазандықтарына қызмет көрсетіп отырған мекемелерге,яғни «Байзақ су», «Жамбыл жылу» мекемелеріне сенімгерлік басқаруға беру мәселесін қарастыруды,сондай-ақ, «Байзақ су» мекемесінің материалдық – техникалық базасын нығайту мәселесін қарастыруды ұсындық.
🔰 Аудандық мәслихаттың «Білім, тілді дамыту, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, жастар ісі және спорт мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның өткен жылғы атқарған жұмыстарын баяндай отырып,тұрақты комиссия мүшелері ауданымыздың қоғамдық кеңесі,партиялық бақылау комиссиялары мен саяси кеңестерінің құрамында да белсене жұмыс атқарып жүргендіктерін атап өткім келеді.Алдағы уақытта жоспарымызға сай жұмыстарымызды атқарып, орындалу барысы жайындағы мәліметтермен сіздерді таныстыратын боламыз.