⚜️«Ғасырларға жалғасқан ерлік» республикалық форумы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды

🔹Форумға қатысу үшін Ресейден және Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен делегациялар келді. Бұл шара мерейтойлық жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі ретінде атап өтілді.
📌Форумның мақсаты — батырлықтың, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің символына айналған мерген қыздың рухына тағзым ету. Шараға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мәдениет және ғылым саласының өкілдері, сондай-ақ батырдың туыстары қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы атынан форумға қатысушылар мен ақтөбеліктерді осы маңызды тарихи оқиғамен құттықтады.
🗯️«Әлия Молдағұлова – бүкіл қазақ халқының мақтанышы, қайсар рух пен жанқиярлықтың символы. Бүгінгі форум – тарихи жадымызды сақтау мен жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу жолындағы ортақ жауапкершілігіміздің көрінісі. Форумды ұйымдастырған барша азаматтарға, Әлия Молдағұлованың ерлігін ұрпақ жадында мәңгі қалдыруға атсалысып жүрген жандарға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздер жастарды Отанға деген сүйіспеншілікке, ұлттық құндылықтарға адалдыққа баулып келесіздер», – деді Президент кеңесшісі.
Шараға қатысушыларды Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров та құттықтап, батыр есімін ұлықтау бағытында өңірде жүзеге асып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті. Атап айтқанда, Ақтөбе қаласында жаңа мәдениет орталығы мен мемориалдық музей салынып жатыр, сондай-ақ Әлия ауылында инфрақұрылым дамып келеді.
🔸Асхат Шахаров өз сөзінде педагог әрі қоғам қайраткері, Әлияның ерлігін зерттеуге және жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беруге өмірін арнаған Ғалымжан Байдербестің еңбегін ерекше атап өтті.
Форум барысында Әлия Молдағұлованың ерлігіне, тарихи жадыны сақтау жолындағы зерттеушілер мен қоғам белсенділерінің үлесіне, сондай-ақ музейлік және мәдени жобалардың патриоттық тәрбиедегі рөліне арналған мазмұнды баяндамалар тыңдалды. Сөз алғандар қатарында – ғылым өкілдері, музей қызметкерлері, батырдың туыстары мен арнайы шақырылған қонақтар болды.
Ярославль облысындағы «Вятич» патриоттық орталығының жетекшісі Любовь Абрамова Вятское ауылында батыр қыздың рухына деген құрмет ерекше екенін айтып өтті. 1942 жылы Әлия Молдағұлова Ленинград қоршауынан эвакуацияланған балалармен бірге Вятское ауылына жеткізілген еді.
🗯️«Біз Ярославль облысы Вятское ауылынан келдік. Өңірлерімізді екі мың шақырымдай қашықтық бөлгенімен, Әлия Молдағұлованың есімі бізді берік байланыстырып тұр. Ярославль жерінде оның есімі зор құрметпен аталады: Батырлық мемориалында есімі қашалып жазылған, ауыл мектебінде құжаттар мен фотосуреттер қойылған арнайы музей ашылған. 1942 жылы Әлия біздің мектебімізде 7-сыныпта оқыды, сондықтан біз оны зор мақтанышпен өзіміздің түлек деп атаймыз. Вятское ауылына келген әрбір турист Әлияның ерлігі жайлы біледі. Оның бейнесі ауылымыздың мәдени-тарихи өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды», – деді Любовь Абрамова.
🎶 Шара соңында халық махаббаты мен алғысына бөленген, 50 жылдық тарихы бар «Әлия» әні шырқалды. Әнді сахнада әнші Мерей Самұрат тебірене орындап, көрермендердің зор қошеметін иеленді.
✨Форум – ұрпақтар сабақтастығының, тәжірибе алмасудың және Әлия Молдағұлованың ерлігін ұлттық тарих пен мақтаныштың ажырамас бөлігі ретінде дәріптеудің маңызды алаңына айналды.
***
⚜️Республиканский форум «Подвиг, связующий века» приурочили к празднованию 100-летия Алии Молдагуловой
🔹Для участия в форуме в Актобе приехали делегации из России и разных регионов Казахстана. Это мероприятие стало одним из центральных событий юбилейного года.
📌Форум был организован с целью почтить память легендарной девушки-снайпера, чье имя стало символом мужества, любви к Родине и патриотизма. Участниками мероприятия стали государственные и общественные деятели, депутаты Сената и Мажилиса Парламента Республики Казахстан, представители культурной и научной сферы, родственники героини.
Советник Президента РК Малик Отарбаев от имени Главы государства поздравил участников форума и актюбинцев с этим важным историческим событием.
🗯️«Алия Молдагулова – гордость всего казахского народа, символ несгибаемого духа и самоотверженности. Сегодняшний форум – это проявление нашей общей ответственности за сохранение исторической памяти и патриотического воспитания молодежи. Выражаю глубокую благодарность организаторам форума и всем, кто бережно сохраняет память о подвиге Алии Молдагуловой, вдохновляя молодежь на любовь к Родине и верность ее ценностям», — отметил советник Президента.
Приветствовал участников мероприятия и аким области Асхат Шахаров. Аким отметил, что в регионе реализуется комплекс мероприятий по увековечиванию имени героини, включая строительство культурного центра и нового мемориального музея в Актобе, а также развитие инфраструктуры в селе Әлия.
🔸Асхат Шахаров особо отметил вклад известного педагога и общественного деятеля Галымжана Байдербеса, посвятившего свою жизнь исследованию подвига Алии и духовно-нравственному воспитанию молодежи.
В ходе форума прозвучали содержательные доклады, посвященные героизму Молдагуловой, вкладу исследователей и общественников в сохранение исторической памяти, а также роли музейных и культурных проектов в патриотическом воспитании. Среди выступавших – представители научного сообщества, музейные работники, родственники героини и приглашенные гости.
Руководитель патриотического центра «Вятич» Ярославской области Любовь Абрамова рассказала о том, как в селе Вятское свято чтут память о юной героине. Алия Молдагулова была эвакуирована в Вятское с другими детьми из детского дома из блокадного Ленинграда в 1942 году.
🗯️«Мы приехали к вам из села Вятское Ярославской области. Почти две тысячи километров разделяют наши регионы, но имя Алии Молдагуловой стало прочной нитью, которая объединяет нас. На Ярославской земле бережно хранят память о ней: ее имя выбито на мемориале воинской славы, в школе оформлен музей, где представлены документы и фотографии. В 1942 году Алия училась в нашей школе в 7 классе, и мы с большой гордостью называем ее нашей выпускницей. Каждый турист, приезжающий в Вятское, узнает о подвиге Алии. Память о ней стала неотъемлемой частью культурной и исторической жизни села», — подчеркнула Любовь Абрамова.
🎶 Завершилось мероприятие исполнением легендарной песни «Әлия», ставшей символом народной любви и признательности. В этом году исполняется 50 лет со дня первого исполнения песни, и она вновь прозвучала на сцене в исполнении певицы Мерей Самұрат.
✨Форум стал значимой площадкой для объединения поколений, обмена опытом и популяризации подвига Алии Молдагуловой как неотъемлемой части национальной истории и гордости.