ЕРЛІК ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, аудан әкімі Сәкен Мамытов еңбек және Тыл ардагерлерінің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.
🔰Аудан басшысы алдымен Тоғызкент ауылдық округінің тұрғындары, еңбек және Тыл ардагерлері Мәдіқұл Қошмағанбетов пен Дүйсен Сыздықовтың үйіне барды. Ауылдың абыз ақсақалдарына мерейлі мерекеде зор денсаулық тілеп, Ұлы Жеңісті жақындату жолында аянбай еңбек еткені үшін «ҰОС — ына 80 жыл» мерекелік төсбелгіні тақты. Ауылдың қадірлі қариялары аудан басшылығына алғыстарын білдіріп, елдің амандығын тіледі.
🔰Аудан әкімі Сәкен Үмбетұлының құттықтауы Досбол ауылдық округінде жалғасын тапты. Мұнда еңбек және Тыл ардагерлері Қалия Хафизова мен Өсербек Қозыбаев тұрады. Ғасырға жуық ғұмыр кешіп жатқан әзиз Қалия анамыз ауылдың ардақты әжесі болса, Өсербек қарияны қазыналы ақсақал деп құрмет тұтады. Аудан әкімі Тыл ардагерлерін мерекемен құттықтап, «ҰОС — на 80 жыл» мерекелік төсбелгімен марапаттады.
🔰Аудан басшысының Еңбек және Тыл ардагерлерін марапаттауы 9 мамырға дейін жалғасатын болады.