Жамбыл жастары бесінші жыл топ жарды

пәндік олимпиададан 137 алтын алқа иегеріміз бар

 Бүгінде еліміздің әрбір өңірінде білімді жастар алға озып, білім әлемінде өздерінің біліктілігін дәлелдеп келеді. Бұл биіктен Жамбыл облысының жастары дабес жыл қатарынан бірінші орыннан  көрінуде. Осыған орай, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев 2015-2016 оқу жылында өткен халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарын қабылдап, құрмет көрсетті.

IMG_7421–Елбасымыз  атап өткендей Егемен еліміз келешекте  әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылары анық. Бірақ, біз ол дәрежеге табиғи байлығымызбен ғана емес, ғылым мен білім саласындағы жетістігімізбен жетуіміз қажет. Ол үшін ең бірінші білімді ұрпақ өсіру басты парызымыз. . Бүгінгі таңда облысымыздағы білім ордаларының материалдық-техникалық базасының дамуына, заманауи жабдықтармен жабдықталуына, оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуларына, сала қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне барынша жағдайлар жасалған. Сондай-ақ,  шет мемлекеттердің  жоғары оқу орындарында оқитын дарынды жастарға материалдық көмек көрсетуді де ұдайы назарда ұстап келеміз.Сондықтан мемлекетімізді, облысымыздың жастарға артар үміті зор, – деді Кәрім Нәсбекұлы жастармен кездесу барысында.

Келесі кезекте облыс басшысы дарынды балалардың қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды. Облыс бойынша 2015-2016 оқу жылында халықаралық, интелектуальдық байқауларға барлығы 37 624 оқушы қатысып,  7 545 оқушы жеңімпаз атанған. Ал, халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарға қатысқан 272 оқушының 137-сі өз білімдерін дәлелдеп, алтын алқа иегері атанған. Республикалық пәндер олимпиадасының қорытындысы бойынша облыс командасы бесінші жыл қатарынан бірінші орынды иеленсе, ғылыми жобалар жарысының қорытындысы бойынша төртінші жыл қатарынан  бірінші орынды еншілеп, «Ең үздік команда»  аталымын жеңіп алған.

IMG_7519

Сонымен қатар, Кәрім Нәсбекұлы биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысына тоқтала келе,  жастарды болашақта елдің табысты дамуына үлес қосатындай сапалы білім алуға шақырды. Өз кезектерінде дарынды оқушылар аймақ басшысына өздеріне жасалған құрметі мен сенімі үшін алғыстарын білдіріп, келешекте сенім үдесінен шығатындықтарына сендірді.

Жиын соңында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев дарынды жастарға бағалы сыйлықтар тапсырып,  естелікке суретке түсті.

Саятхан Сатылған