ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бірнеше тұрғынды өтініштері бойынша жеке қабылдады. Арыз-шағымын айтқан тұрғындардың дені мектеп тапшылығын шешу, мектептің спорт залын жөндеу, жеке балабақшаны мемлекет меншігіне өткізу жөнінде ұсыныстарын айтты. Сонымен бірге бір тұрғын «ЭКСПО-2017» көрмесінде түсірген суреттерінен көрме ұйымдастыру жөнінде де өтініш жолдады.
С.Қалқаманов тұрғындардың өтініштері мен сұрақтарына жауап беріп, мәселелер хаттамаға енгізілді. Заң аясында жұмыс жүргізіледі.
Атап өтейік, облыс әкімінің орынбасарларының жеке қабылдауы белгіленген кестеге сәйкес өтуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі