Көктемгі дала дүбірі

Байзақ ауданына жұмыс сапарымен барған басқарма басшысы Нұрби Жігітеков ондағы көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралап көрді.

Алдымен Үлгілі ауылындағы жеке кәсіпкер Әмірбек Төлеповтің ауыл шаруашылығына қажетті тіркеме техникалар шығаратын цехымен танысқан басқарма басшысы одан кейін «Нұрлы жай» шаруа қожалығының 300 басқа арналған сүт тауарлы фермасының және қосымша құрылысы жоспарланған нысанның жұмыстарына қанықты.
Сондай-ақ, аудандағы «GrandFoods Premium» серіктестігінің көкөніс қоймасын және «Досжан» шаруа қожалығының құрылысы жүріп жатқан 3000 тонналық көкөніс сақтау қоймаларымен, одан бөлек «Шарипов» және «Казмитэксперт» шаруа қожалықтарының көктемгі дала дүбірі кезіндегі жаңбырлатып суғару қондырғыларын орнату жұмыстарымен танысты.
Сонымен бірге, магистралды «Өтеміс», «Белқожа» каналдарының қайта жаңғырту шаралары мен суару маусымына дайындықтарын көзбен көрді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы