Дәурен Абаев Журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Қымбатты әріптестер, қадірлі байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері!

Министрліктің және өзімнің атымнан баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
мереке28Сіздер — республикалық басылымдар мен телеарналар қызметкерлерінен бастап, Қазақстанның әрбір елді мекеніндегі байланысшылар мен пошташылар ел игілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келесіздер.

Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең бірінші сіздердің арқаларыңызда жүзеге асуда. Дос-жараннан, туған-туыстан, ағайыннан жылдам хабар алғызып, алысты жақындатып отырған да — сіздер.

Осынау мерейлі мерекеде Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, кәсіби жетістік, отбасыларыңыз бен жақын-жуықтарыңызға жақсылық тілеймін!

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі

Дәурен Абаевтың ФБ парақшасынан