Биылғы жылы жаздық дақылдар 271,5 гектар алқапқа артық отырғызылады

Биылғы жылы өнімі үшін отырғызылатын жаздық дақылдар 24 500 гектар алқапта орналастыру жоспарланды. Оның ішінде, 9850,0 гектар дәнді дақылдар, 8000 гектар майлы дақылдар, 60 гектар картоп, 400 гектар көкөніс дақылдары, 450 гектар бақша дақылдары және 5740 гектар көп жылдық шөптер отырғызу жұмыстары бар. Өткен жылдың егістік алқабымен салыстырғанда биылғы егістігіміз 271,5 гектарға артық. Осы жаздық дақылдарды себу үшін 15 560 гектар жер дайындау қажет болса, бүгінгі күнге 13 110 гектар жер дайындалып, дақылдар отырғызылды. Бүгінде суармалы егістік алқаптардағы 1521 га егістік жер суғарылуда. Қазіргі таңда масақты жазғы дақылдар және майлы дақылдар толық егілді. Бұл өз кезегінде шаруашылықтардың ұйымдасқан сапалы жұмысы және шаруаларды уақытылы тұқыммен, жеңілдетілген дизельмен, несиелік қаржылармен қамтамасыз етілуінің нәтижесі.Бүгінде, жүгері, картоп, бақша және көкөніс дақылдары отырғызылуда.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі