Байқадам ауылдық округінің өнерпаздары өнер көрсетті

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдық мерейтойы аясында Байқадам ауылдық округі «Отаным — шырқата салған әнім» атты өнер және мәдениет фестивалін ұйымдастырды.

Отанын, туған жерін қорғай білуге, жас ұрпақтың бойына патриоттық сананы сіңіруге, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған іс-шарада ауыл өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, мың бұралып би билеп, күміс күйден күмбірлетті.

Бұдан бөлек суретшілер мен ісмерлердің еңбектері қойылып, тұрғындар назарына ұсынылды.

Айта кету керек, жаздық маусымда демалыс күндері тұрғындарға керемет көңіл-күй сыйлау, демалыс күндерін тиімді өткізу мақсатында ауылдық округтер мен мекеме, кәсіпорындар арасында өнер және мәдениет фестивалін ұйымдастыру жоспарланып, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі